Негізгі қызмет
Проблемалық кредиттер қоры екі стратегиялық бағытты жүзеге асырады. Бұл банк секторын сауықтыру және сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту.
Банк секторын сауықтыру екінші деңгейлі банктер және бұрын банк болған заңды тұлғалардың активтерін сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту қарызды қайта құрылымдауды, берешекті өндіріп алуды, оның ішінде банкроттық және оңалту рәсімдерін қоса, активтерді сатуды көздейді.
Активтерді сату
Қордың активтерді сатып алуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Қор сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарда белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Қордың активтерді сатып алуы Банктер туралы заңның 5-1-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, екінші деңгейдегі банктер және бұрын банктер болған заңды тұлғалардан жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алынған активтерді басқару
Сатып алынған активтерді басқаруды, оларды ұстауды және (немесе) сатуды Қор келесі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырады:
- Қормен дербес;
- Қорға активтерді сатқан банктермен немесе бұрын банк болған заңды тұлғалармен;
- Қордың еншілес және (немесе) қауымдастырылған ұйымдарымен;
- сенімгер басқарушылармен.
Сатып алынған активтерді басқару және оларды жою келесі қызмет түрлерін қамтиды:
- Қайта ұрылымдау және сауықтандыру;
- Қарызды өндіріп алу;
- Активтерді сату;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес талап ету құқықтары мен мүлікті мемлекет меншігіне беру;
- Мүліктік жалдау;
- Сенімгерлік басқаруға беру;
- Активтерді консервациялау;
- Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
- Қор айқындаған өзге де қызмет түрлері.
Көрсетілген іс-шараларды өткізу тәртібі және шарттары Қордың ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Қор банктерден немесе бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алған талап ету құқықтары бойынша кепілдегі мүлікті сату:
- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу шеңберінде;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде;
- Өзгежағдайларда – Қордың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.