Сатып алу
1. Мемлекеттік сатып алу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №167 қаулысына сәйкес «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамның мемлекеттік пакет акциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне иелікке және қолдануға тапсырылды. Осыған байланысты, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ тауарды, жұмысты және қызметті сатып алуды Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алул туралы» 434-V Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырады.
Мемлекеттік сатып алулардың бекітілген жылдық жоспары,мемлкеттік сатып алулардың енгізілген өзгерістерімен және (немесе) қосымшаларымен жылдық жоспары, сондай-ақ тауарды, жұмысты, қызметті сатып алуға қатысты хабарландыру туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында қарау үшін мүмкіндік бар:
2. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ ішкі қағидаларына сәйкес іске асатын сатып алу
Мемлекеттік сатып алу жүйесі туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы No 434-V Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын арттыруға маманданатын ұйымның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-1-тармағында көзделген қызмет үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қолданылмайды.