Қор туралы ақпарат

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ банк жүйесінде қарыз портфелінің сапасын жақсарту бойынша стратегиялық міндетті орындау мақсатында балансты «жұмыс істемейтін» қарыздардан «тазарту» үрдісінде банктерге жәрдемдесу үшін 2012 жылы құрылды.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Қорды басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырды. 2017 жылы Қор Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне басқаруға табысталды.

Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.


Қор миссиясы.
Ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу:

  1. Жұмыс істемейтін активтерді сатып алу жолымен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту;
  2. Жұмыс істемейтін активтерді сауықтыру және сату жолымен оларды экономикалық айналымға қосу арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға әрекеттесу.

Қордың стратегиялық көрінуі

2027 жылға таман біз – қаржы ұйымдарының қарыз портфельдерін тазарту, активтерді қайта құрылымдау және күйзеліс портфельдерін басқару саласындағы кәсіби басқару компаниясы мен ұлттық орталығымыз.

Қор шешімді қабылдау мен бөлінген қаражаттың қайтарымдылығын және шешім қабылдау үрдісінің айқындылығын қамтамасыз ететін Үрдістерді басшылыққа алады.

Қор қызметінің бағыттары банк секторын сауықтыру мен сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту болып табылады.

Қордың активтерді басқару саласындағы стратегиясы активтерді сатудан тұрақты және жоспарлы қаражат ағымын қолдай отырып, активтерді экономикалық айналымға шұғыл және мақсатты қайтаруға бағытталған.

Қор қызметінің бірінші стратегиялық бағыты «жұмыс істемейтін» қарыздардан екінші деңгейдегі банк баланстарын тазарту үшін шара қолдану мен шығару жолымен қаржы жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуде банк секторының сауығуы болып табылады.

Қор қызметінің екінші стратегиялық бағыты сатып алынған активтерді сауықтыру жолымен сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту (қайта құрылымдау, инвесторларды тарту, сотқа дейінгі/сот сатылымдары, банкротқа ұшырау), девелоперлік жобаларды іске асыру, Қор және еншілес ұйымдардың мүліктерін сату болып табылады.

Халықаралық ұйымдардағы мүшелік

Проблемалық кредиттер қоры Халықаралық Көпшілік Активтерді басқару компаниялар Форумының (International Public Asset Management Company Forum, IPAF) мүшесі болып табылады. IPAF – табысты стратегиялар және мағлуматтармен алмасу, сонымен қатар ынтымақтастық жөніндегі халықаралық платформа. IPAF Азия Даму Банкі, Вьетнамның Қаржы Министрлігі және Кореяның активтерді басқару жөніндегі корпорациясының концепциясына сәйкес 7 азиаттық мемлекеттік активтері басқару жөніндегі компаниялардың бастамасымен ұйымдастырылды:

  • China Cinda активтерді басқару жөніндегі компаниясы, Ltd. (Қытай Халық Республикасы);
  • China Great Wall активтерді басқару жөніндегі корпорациясы (Қытай Халық Республикасы);
  • China Huarong активтерді басқару жөніндегі компаниясы, Ltd. (Қытай Халық Республикасы);
  • Кореяның активтерді басқару жөніндегі корпорациясы (KAMCO);
  • Sukhumvit активтерді басқару жөніндегі компаниясы, Ltd. (Таиланд);
  • Қарыздар мен активтерді сату жөніндегі корпорация (Вьетнам);
  • Проблемалық кредиттер қоры (Қазақстан).

IPAF жұмысын 2013 жылы бастады және Қорды қоса есептегенде 13 жұмыс істеп тұрған  мүшесі бар. Жұмыс істеу барысында IPAF 4 саммит және 6 оқыту семинарларын өткізді.

КАМСО-мен Өзара түсіністік туралы меморандум

2018 жылы Қор мен Кореяның активтерін басқару бойынша корпорация (KAMCO) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. KAMCO 1962 жылы Корея Даму Банкінің ведомстволық бағынышты ұйымы ретінде, оның проблемалық активтерін басқару мақсатында құрылды. Кейін, KAMCO қайта ұйымдастырылып, оған қаржы мекемелерінің жұмыс істемейтін кредиттерін сатып алу және сауықтандыру бойынша құзыреті берілді.