Негізгі қызметі

Активтер сатып алу

  1. Қордың активтерді сатып алуы олардың Қордың сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптармен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.
  2. Қордың активтерді сатып алуы банктерден немесе бұрын банк болған заңды тұлғалардан ғана жүзеге асырылады.

Сатып алынған активтерді басқару

  1. Сатып алынған активтерді басқаруды, оларды ұстауды және (немесе) сатуды Қор келесі тәсілдердің біреуімен жүзеге асырады:
    • Қормен дербес;
    • Қорға активтерді сатқан банктермен немесе бұрын банк болған заңды тұлғалармен;
    • Қордың еншілес және (немесе) қауымдастырылған ұйымдарымен;
    • сенімгер басқарушылармен;
    • өзге қаржы ұйымдарымен, кәсіпқой сарапшылармен, халықаралық аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен.
  2. Сатып алынған активтерді басқару келесі іс-шараларды қамтиды:
    • қайта ұрылымдау және сауықтандыру;
    • мүліктік жалдау (жалға алу/кейін сатып алумен жалға алу);
    • сенімгерлік басқаруға беру;
    • консервация;
    • сату;
    • талап ету құқықтарын және активтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен белгіленетін тәртіпте мемлекеттік меншікке беру;
    • инвестициялық жобаларды іске асыру;
    • Қор белгілейтін өзге іс-шаралар.

Көрсетілген іс-шараларды өткізу тәртібі және шарттары Қордың ішкі құжаттарымен белгіленеді.

  1. Қор банктерден немесе бұрын банк болған заңды тұлғалардан сатып алған талап ету құқықтары бойынша кепілдегі мүлікті сату:
    • Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу шеңберінде;
    • Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде;
    • өзге жағдайларда – Қордың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.