Пресс-релиз

 Алматы қ.                                                 2019 жылғы 13 қыркүйек

 

 

Проблемалық кредиттер қоры 222 мүлік объектісін қыркүйек айында саудаға қояды

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ өз иелігіндегі мүлкін сатуды жалғыстыруда. Бүгінгі таңда Қордың және оның еншілес ұйымдарының 120-дан астам мүлік объектісі өзінің жаңа меншік иелерін тапты.

Қордың міндеті – сатып алынған активтерді экономикалық айналымға қайтару. Осыған байланысты, Қор мен оның еншілес ұйымдары мүлікті сату процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін шаралар кешенін даярлады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қор 222 мүлік объектісін сатылымға шығаруда, оның 125-і – жер телімдері, 62-і – коммерциялық және 35-і – жылжымайтын тұрғын-жай мүлік объектісі. Қордың сатылатын жер телімдерін,  жылжымайтын тұрғын-жай және коммерциялық  жылжымайтын мүлік обьектілерін заңды тұлғалармен қатар еліміздің азаматтары да сатып ала алады.

Сатылатын мүлік Қазақстанның барлық аймақтарында, яғни қалалармен қатар ауыл аймақтарында орналасқан. Саудаға қойылған нысанның көбі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Алматы облысында негізінде 104 бірліктен тұратын 0,05-тен 470 га дейінгі аудан құрайтын жер телімдері сатылуда, соның ішінде Талғар ауданында – 91 телім, Қапшағай ауданында 5 – телім орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысында көбінесе тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік сатылады. Жылжымайтын тұрғын-жай портфелі 16 бірліктен тұрады, соның ішінде 6 пәтер Өскемен қаласында, 4 пәтер және 4 үй Семей қаласында орналасқан. Коммерциялық жылжымайтын мүлік портфелі 15 бірліктен тұрады, соның ішінде 6 нысан Семей қаласында, қоса есептегенде жалпы ауданы 3 261 ш.м., 1,1 га іргелес жер телімімен ұсынылған бұрынғы асхана ғимараты бар.

Ақмола облысы бойынша ауданы 0,5-тен 50 га дейінгі 7 жер телімдері сатылады, соның ішінде 4 телім Целиноград ауданында орналасқан.

Атырау облысы бойынша саудаға ауданы 149-дан 243 ш. м. дейінгі 4 жылжымайтын тұрғын-жай мүлігі қойылды. Атырау қаласында 4, ал Құлсары қаласында 2 коммерциялық жылжымайтын мүлік объектісі сатылады.

Қостанай облысы бойынша 30 ш.м. басталатын аудандары әр түрлі 5 коммерциялық жылжымайтын мүлік бірліктері сатылады. Ең ірі нысан – ауданы 2 960 ш.м. құрайтын 4 қабатты әкімшілік ғимараты. Сондай-ақ, жалпы ауданы 442 ш.м. құрайтын 4 жылжымайтын тұрғын-жай объектісі ұсынылған.

Қарағанды облысы бойынша ауданы 53-тен 1 352 ш.м. дейінгі 6 коммерциялық жылжымайтын мүлік бірліктері, соның ішінде Жезқазған қаласындағы 4 объекті сатылуда.

Павлодар қаласында 53 ш.м-ден бастап әртүрлі аудан құрайтын 9 жылжымайтын мүлік бірліктерін сату жоспарлануда. Ең ірі нысан – 4,8 га іргелес жер телімі бар 12 493 ш.м. құрайтын өндірістік база ғимараты.

Орал қаласында жалпы ауданы 188 ш.м. құрайтын 4 тұрғын үй жылжымайтын мүлік бірліктері сатылады.

Орналасқан аймағы және мүлік түрлері қимасындағы барлық сатылатын нысандар бойынша толық ақпарат Қордың сайтында берілген. Сонымен бірге, объектілердің дерекқоры сауда-саттық нәтижелері бойынша және жаңа нысандарды сауда-сатыққа шығару барысында үнемі жаңартылып отырады.

Мүлік бойынша сауда-саттық 24-26 қыркүйек аралығында өтеді. Сауда-сатыққа қатысу үшін Қордың сайтында назарыңыз түскен мүлік объектісін таңдап, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркеліп, таңдалған мүлік бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінім беріп, кепілдік жарна салу жөн.

 Әдетте, бірінші сауда – саттықта мүлік объектісінің бағасын көтеру әдісі, келесі сауда – саттықтарында бағаны төмендету әдісі қолданылады.

Қор сауда-саттықтарды өткізу әдісі, күні мен уақыты, кепілдік жарнаның мөлшері және сатылатын мүліктің бастапқы бағасы жайындағы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Проблемалық кредиттер қоры 2012 жылы (1) жұмыс істемейтін активтерді сатып алу арқылы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту, (2) сауықтыру және сату арқылы сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу үшін құрылды.