«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Астана қ., 6 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на (бұдан әрі – Қор) «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ОАБК) қосу жолымен, оны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

ОАБҚ 1998 жылы Қазақстанның банк жүйесін нығайту мақсатында Дүниежүзілік Банктің Қаржы секторы бағдарламасы шеңберінде ҚР Мемлекеттік Оңалту банкінің базасында құрылды және республикалық бюджет есебінен бөлінген кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

Шешім біртектес активтерді біріктіру, қайталанатын функцияларды жою, шығындарды төмендету және ресурстарды шоғырландыру есебінен қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Жалпы алғанда, қайта ұйымдастыру шаралары Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттік қатысу үлесін ЭЫДҰ-ның деңгейіне дейін төмендету (ЖІӨ-ден 15%) бойынша қойған міндеттерді ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымдарын оңтайландыру арқылы іске асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, қайта ұйымдастыру шаралары ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымдарын 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттік қатысу үлесін ЭЫДҰ-ның деңгейіне дейін – ЖІӨ-ден 15% төмендету бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ірілендірілген Қор өзінің негізгі миссиясын – банктердің проблемалық активтерін сатып алу арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу және активтерді басқаруға кешенді тәсілдемені сақтап қалады. Қазіргі уақытта Қор екі стратегиялық бағытта жұмыс істейді: банк секторын сауықтыру және сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту.

Бірінші бағыт шеңберінде Қор банк жүйесіндегі несие қоржынының сапасын жақсарту мақсатында бірқатар ірі мәмілелерді жүзеге асырды.

Атап айтқанда, елдің қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қор 2017 жылғы шілдеде 2,6 трлн. теңге сатып алу бағасына БТА активтерін сатып алуды жүзеге асырды. Бұл мәміле жұмыс орындарын, халықтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттік компаниялардың депозиттерін сақтап қалуға, кредит берудің төмендеуінің алдын алуға, еурооблигациялар төлемдері бойынша міндеттемелерді қолдауға мүмкіндік берді.

2018 жылғы тамызда Қор «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT» жобасын одар әрі іске асыру үшін «Астана LRT» ЖШС алдындағы банк қарызын өтеу мақсатында Астана Банкінің қарыз алушыларына талап ету құқығын Қорға беру бойынша мәмілені жүзеге асырды.

Сондай-ақ, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру үшін ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚазАгро, Қор, Цеснабанк және өзге де тұлғалар арасында Негіздемелік келісімге қол қойылды. Негіздемелік келісімді іске асыру Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру мақсатында жүзеге асырылады. 2018 жылғы 25 қыркүйекте Қор мен «Цеснабанк» АҚ арасында 450 млрд. теңге сомасына активтерді сатып алу-сату шартына қол қойылды. Осы келісімнің нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын сақтауға қол жеткізілді.

Екінші бағыт шеңберінде Қор активтерді экономикалық айналымға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сатып алынған активтердің сапасын жақсарту мақсатында қарыз алушыларды сауықтыру және олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, ал сатып алынған активтер мен жер учаскелерінің нарықтық құнын ұлғайту үшін инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жобалар жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қор активтерін басқару және сату процестерін реттейтін Қор активтерін басқару жөніндегі ережелер пысықталды, олардың шеңберінде Қор мүлкін сатудың ашықтығы қарастырылды.

Нысандардың негізгі бөлігі Ақпараттық-есеп орталығының электрондық сауда алаңында, сондай-ақ Қордың www.fpl.kz сайтында сату үшін дайындалған.