Қорға «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ біріктірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ қайта ұйымдастырылды.

Құжатқа сәйкес «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ны біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Проблемалық кредиттер қоры қызметінің түрлері:

  • екінші деңгейлі банктер кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту;
  • республикалық бюджет пен ҚР Ұлттық банкі қаражатынан мемлекеттік ҚР Оңалту банкіне берілген кредиттерді қайтару бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
  • республикалық бюджет қаражаты есебінен бұрын берілген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражат бойынша берешекті республикалық бюджетке өндіріп алу;
  • мемлекет кепілдік берген қарыздарға және мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету;
  • дебиторлық берешекті өндіріп алу;
  • оңалту рәсімдеріне қатысу;
  • салық төлеуші (салық агенті) немесе үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің, төлеушінің билік етуі шектелген мүлікті немесе мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.