АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР
Дс-Жм 09:00-18:00

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның АДБ мен KAMCO халықаралық семинарына қатысуы

Стрестік активтерді басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту және Активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік компаниялардың халықаралық форумының (IPAF) бастамаларын іске асыру аясында «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Азия даму банкі (АДБ) мен Кореяның активтерді басқару корпорациясының (KAMCO) «Жұмыс істемейтін активтерді (NPL) саудалауға арналған онлайн-платформа құру: тұжырымдамадан пилоттық жобаға дейін» тақырыбындағы гибридті семинарына қатысады.

Іс-шара 2025 жылғы 20–21 қарашада Ханой қаласында (Вьетнам, Vietnam Asset Management Corporation (VAMC) штаб-пәтері) өтеді. Басталуы – Алматы уақыты бойынша 07:00-де (UTC+7 – Ханой уақыты).

Семинар Қытай, Корея Республикасы, Вьетнам және Қазақстанның активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік компанияларының өкілдерін, сондай-ақ Моңғолия мен Украинадан келген байқаушылардың басын қосады.

Қордың қатысуы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, онлайн-форматта ұйымдастырылады.

Қатысушылар болашақ трансшекаралық платформаның архитектурасы мен басқару моделін, ақпаратты ашу стандарттарын, заңдық, реттеушілік және салықтық аспектілерін, IT-инфрақұрылымға қойылатын талаптарды, сондай-ақ активтерді бағалау кезінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.

Қордың қатысуы проблемалық активтер нарығын цифрландырудың озық өңірлік тәжірибесімен танысуға, активтерді электрондық алаңдар арқылы сатудың қазақстандық тәжірибесін ұсынуға және IPAF пен АДБ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Перейти к содержимому