АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР
Дс-Жм 09:00-18:00

Қор Басқарма Төрағасы орынбасарының сұхбаты DKNews.kz республикалық басылымында жарияланды

2026 жылғы 15 сәуірде республикалық экономикалық DKNews.kz басылымында Проблемалық кредиттер қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Әділ Мелисовтың «Қазақстанда салық төлеушілердің мүлкі қалай іске асырылады» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.

Сұхбат барысында Қордың салық төлеушілердің (борышкерлердің) мүлкін іске асыру жөніндегі оператор ретіндегі қызметінің негізгі бағыттары, электрондық сауда-саттықты өткізу тәртібі, мүлікті іске асырудың құқықтық негіздері, сондай-ақ рәсімдердің ашықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз ету тетіктері кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, сұхбатта процестерді цифрландыруға, e-Qazyna платформасында заманауи сервистерді енгізуге, азаматтар мен бизнес үшін аукциондарға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ мүлікті бағалау кезінде инновациялық шешімдерді қолдануға ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Қордың салық төлеушілердің мүлкін іске асыру бағытындағы жұмыс нәтижелері де ұсынылды.

Жарияланым электрондық сауда-саттық жүйесін дамытудағы, салықтық әкімшілендіру тиімділігін арттырудағы және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудағы Қордың маңызды рөлін айқындайды.

Проблемалық кредиттер қорының Басқарма Төрағасы орынбасары Әділ Мелисовтың «Қазақстанда салық төлеушілердің мүлкі қалай іске асырылады» тақырыбындағы сұхбатымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: сұхбатты оқу.

Перейти к содержимому