Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Қаржы министрлігінің басшылығы, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасының Мемлекеттік Туды салтанатты түрде енгізуімен және Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы тарихи таңдауын айшықтайтын ұлттық мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның басты бөлігі мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы №1534 Жарлығына сәйкес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және адал еңбегі үшін Қаржы министрлігі жүйесінің бірқатар қызметкерлері «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық адал еңбегі мен қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерге «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық төсбелгісі табысталды.
Салтанатты жиынның ресми бөлігінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілердің ант қабылдау рәсімі де өтті.
Мерекелік іс-шара қазақстандық өнерпаздар мен аспаптық ансамбльдің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті нығайтуға, мемлекеттік қызмет дәстүрлерін дәріптеуге және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің еңбегін бағалауға ықпал етеді.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ барша әріптестер мен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен өркендеу, әр шаңыраққа амандық пен береке тілейді!



