АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның жалғыз акционері атанды

2025 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті №495 бұйрығын шығарды. Аталған бұйрыққа сәйкес «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 100% мемлекеттік акциялар пакетін басқару өкілеттіктері «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға берілді. Мәмілені ресімдеу 2025 жылғы 24 шілдеде аяқталды.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның еншілес ұйымдары тобына берілуі және мемлекеттік активтерді басқаруды оңтайландыру проблемалық активтерді қайта құрылымдауды жеделдету және мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның дамуын қамтамасыз ету және оның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту, проблемалық активтерді басқару сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруға шоғырланған.

Перейти к содержимому