АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

11 маусымнан 25 шілдеге дейін Астана қаласында 2020–2025 жылдарға арналған «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарға» енгізілген жыл сайынғы QAZAQSTAN QYZMET CUP мини-футбол турнирі өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамасы, квазимемлекеттік сектордың еншілес компаниялары, комитеттері және ұйымдарының ең үздік ойыншыларынан жасақталған, жоғары спорттық нәтижелер көрсетіп, 24 команда арасынан үшінші орынды иеленді. Бұл нәтиже командаға 2025 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласында өтетін және елдің ең мықты спортшыларын жинайтын QQC SUPER CUP турниріне жолдама әкелді.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның үлесі

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ үшін ерекше мақтаныш – бірден үш қызметкерінің Қаржы министрлігі құрамасына алынуы болды:

— Сапаров Қайыржан Бақытович — Ішкі аудит қызметінің бас маманы

— Таширяев Нұржан Серікқазыұлы — Өңірлік өкілдермен жұмыс басқармасының азаматтық-құқықтық шарт негізіндегі қызметкері

— Болатбекұлы Абылай — Активтерді басқару департаментінің электронды сауда және активтерді өткізу ұйымдастыру басқармасының бас маманы

 

Қордың осыншама өкілінің ұлттық ведомстволық құрамында болуы – тек спорттық жетістік қана емес, ұйым қызметкерлерінің командалық рухының, тәртібінің және жан-жақтылығының айқын көрсеткіші.

Турнирдің үздік шабуылшысы — Абылай Болатбекұлы

QAZAQSTAN QYZMET CUP 2025 турнирінің жарқын жұлдызы Абылай Болатбекұлы болды. Оның сенімді ойыны, тактикалық көрегендігі және дәл соққылары оны турнирдің үздік шабуылшысы атағына жеткізді. Абылай барлық матчта гол соғып, әр кезеңде командаға стратегиялық артықшылық сыйлады.

Бұл жеке марапат — оның жоғары шеберлігінің және Қаржы министрлігі құрамасының жалпы жетістігіне қосқан зор үлесінің мойындалуы.

QAZAQSTAN QYZMET CUP турнирі жыл сайын мемлекеттік құрылымдарды біріктіріп, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, бұқаралық спортты насихаттауға және мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.

2025 жылы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ спорт алаңында өз қызметкерлерін лайықты таныстырып қана қоймай, сонымен қатар ұйымның кәсіби және спорттық салада да көшбасшы бола алатын азаматтар жұмыс істейтінін дәлелдеді.

Перейти к содержимому