АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Азаматтармен ашық әрі айқын жұмыс істеу мақсатында жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыс аясында «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 наурыз аралығындағы кезеңде E-Otinish платформасы мен Қордың Байланыс орталығы арқылы келіп түскен барлық өтініштерге кешенді талдау жүргізді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Call-орталыққа 1 594 қоңырау түскен, ал E-Otinish платформасы арқылы 109 өтініш келіп түсті. Өтініштердің негізгі бөлігі электрондық сауда-саттықты өткізу тәртібіне, хаттама мен сатып алу-сату шарттарына қол қойғаннан кейінгі жеңімпаздардың іс-әрекет алгоритміне, сондай-ақ Қор қызметінің басқа да аспектілеріне түсініктеме беруге қатысты болды.

Түскен өтініштердің елеулі бөлігі келесі мәселелерге қатысты болды:

— e-qazyna.kz платформасындағы сауда-саттыққа қатысу регламенті;

— Қор функцияларын іске асыру тетіктері;

— Кіріс хат-хабарлардың орындалу барысы;

— Мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары;

— Қор басшылығына жеке қабылдауға жазылу тәртібі.

Бұдан бөлек, E-Otinish платформасы арқылы Қор атына келіп түскен өтініштердің 43%-дан астамы Қордың қызметін коллекторлық агенттіктердің функцияларымен шатастырып қабылдауына байланысты болды. Мұндай сипаттағы барлық өтініштер уәкілетті органдарға жолданды немесе өтініш иелерінің өздері кері қайтарып алды.

Осыған байланысты атап өтіледі: «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады. Қордың негізгі миссиясы — банк секторының қаржылық сауықтырылуына жәрдемдесу және сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту болып табылады. Активтерді сатып алу тек банктер мен бұрын банк мәртебесі болған ұйымдардан қолданыстағы заңнама аясында ғана жүзеге асырылады.

Call-орталықты трансформациялау шеңберінде келесі іс-шаралар жүргізілді:

— азаматтарды жеке қабылдау регламенті бекітіліп, онлайн жазылу мүмкіндігі енгізілді;

— Қордың ресми сайтында және ашық деректер порталдарында ақпарат өзектендірілді;

— Қор кеңсесінде QR-коды бар ақпараттық стендтер орнатылды;

— операторларға регламенттер, рәсімдер және қызмет көрсету стандарттары бойынша жүйелі оқыту ұйымдастырылды;

— вебинарларды, тікелей эфирлерді және тақырыптық сауалнамаларды қамтитын медиажоспар жүзеге асырылды.

Ашықтықты арттырып, халықтың сенімін нығайту үшін жүйелі тәсіл мен жедел кері байланыс қажет екендігін атап өткіміз келеді. Қор қызмет көрсету сапасын жетілдіру, азаматтармен байланысты жеңілдету және уақтылы ақпарат беру бағытында жұмысты жалғастыруда.

Перейти к содержимому