АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР
Дс-Жм 09:00-18:00

Проблемалық кредиттер қоры VIII Astana Finance Days халықаралық форумына қатысты

2025 жылғы 4–5 қыркүйекте Астанада өңірдегі ең ірі қаржылық іс-шаралардың бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) халықаралық форумы өтті. Форум аясында әлемдік қаржы қауымдастығы үшін өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші сарапшылар, инвесторлар және халықаралық ұйымдар бір алаңда бас қосты.

Биылғы форумның «Капитал болашақты қалыптастыратын мекен» тақырыбы Астананың Шығыс пен Батысты тоғыстыратын астана әрі қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы ретіндегі рөлін айқындай отырып, тұрақты өсімді қамтамасыз ететін капиталдың негізгі түрлерінің маңызын көрсетті.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ форумға қатысу барысында жаңа қаржыландыру құралдарымен, өзекті өзгерістермен, жаһандық үрдістермен және ұйым қызметіне бейімдеуге болатын озық тәжірибелермен танысты. Форум бағдарламасы қаржы секторын дамытудың кең ауқымды мәселелерін қамтығанымен, Қор үшін басты құндылық – өз қызмет саласын жаһандық үрдістер тұрғысынан бағамдап, стандарттан тыс шешімдерді іздестіру мүмкіндігі болды.

Қазіргі таңда түрлі сегменттерде тиімді қолданылып жүрген көптеген қаржыландыру құралдарын проблемалық активтерді сауықтыруға бейімдеуге болады. Бұл оларды экономикаға тартудың жаңа тетіктерін ашып, Қазақстанның қаржылық экожүйесін нығайта түседі.

Қор үшін AFD форумына қатысу тек жаңа білім алудың мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ заманауи құралдарды тәжірибеге енгізудің және Қазақстанның халықаралық деңгейде проблемалық активтерді басқару саласында өз шешімдерін ұсына алатынын көрсетудің маңызды қадамы болды.

Проблемалық кредиттер қоры – елдің қаржылық экожүйесіндегі маңызды ойыншы әрі проблемалық активтердің экономикалық құндылығын арттырудың жаңа тәсілдері қалыптасатын алаң. Қордың қызметі халықаралық әріптестердің қызығушылығын тудырып, шетелдік қаржы институттарымен және бейінді ұйымдармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық оның тиімділікті арттырудағы халықаралық өзара іс-қимылдың негізгі фактор екенін дәлелдейді.

Astana Finance Days – АХҚО ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық форум. Ол қаржы, тұрақты даму және цифрлық экономика саласындағы негізгі үрдістерді талқылау үшін сарапшыларды, инвесторларды, реттеушілерді, технологиялық компанияларды және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіреді.

Форум стратегиялық әріптестік орнату, инвестициялық мәмілелер жасасу, тәжірибе алмасу және жаңа шешімдерді өңірлік және жаһандық нарықтарға ілгерілету үшін тиімді платформа болып табылады.

Перейти к содержимому