NPL РЕТТЕУДЕГІ ВЬЕТНАМ ТӘЖІРИБЕСІ
2025 жылғы жағдай бойынша жаңартылған деректер және реттеушілік өзгерістер.
VAMC құрудың алғышарттары
- 1990 жылдардан кейінгі банк жүйесінің дамуы: әртараптандыру (мемлекеттік, жеке, шетелдік банктер).
- 2008 жылдан кейінгі NPL алғашқы өсімі: портфель сапасының төмендеуі және ірі қарыз алушылардың банкроттығы.
- Проблемалар: құқықтық базаның және есепке алуды стандарттаудың жетілмегендігі.
- Соңғы жылдары NPL-дің күрт өсуі байқалады (әсіресе 2023 жылы, қайта бағалау мен қайта құрылымдаудан кейін).
VAMC құру және оның құралдары
- Вьетнам Мемлекеттік банкінің шешімімен 2013 жылғы 27 маусымда құрылған; 100% мемлекет қатысады; бастапқы капиталы — 500 млрд донг.
- Негізгі қаржыландыру көздері: жарғылық капитал және арнайы облигациялар.
- Миссиясы: NPL сатып алу және реттеуге жәрдемдесу, берешекті қайта құрылымдау.
- Тетіктері: арнайы облигацияларға сатып алу (номинал минус резерв) және белсенді басқару үшін нарықтық құны бойынша сатып алу.
- VAMC сот арқылы өндіріп алуды, аукциондарды және қайта құрылымдауды үйлестіреді.
Активтерді сатып алу және басқару (2019 жылға дейінгі қорытындылар)
- 2013–2017 жж.: 26 мыңнан астам қарыз (~17 мың борышкер); берешек ≈ $14 млрд, сатып алу бағасы $12.7 млрд.
- 2019 жылдың соңына қарай: бағасы $14.9 млрд болған $16.3 млрд берешегі бар NPL сатып алынды; қайтарымдылық ~73.8%.
- 2017–2019 жж. (нарықтық құны бойынша): $350 млн NPL $357 млн-ға; қайтарымдылық 64.6%.
- Шектеулер: сатып алудың басым бөлігі — облигацияларға айырбастау (техникалық сипат); өндіріп алудағы құқықтық проблемалар.
Қызмет көрсеткіштері және трендтер (2021–2024)
- 2023: кейбір бағалаулар бойынша on-balance NPL 5.9%-ға жетті (2023 ж. қыркүйек).
- 2024: ADB бағалауы бойынша NPL ~5.4%-ға дейін өсті (NPL көлемі $31.39 млрд).
- 2021–2022 жылдардан кейін (ресми NPL <2%) 2023–2024 жылдары кредиттерді қайта құрылымдау мен қайта бағалауға байланысты өсім байқалды.
Реттеушілік өзгерістер (2024–2025)
- Circular 03/2024/TT-NHNN (2024 жылғы 1 шілдеде күшіне енді) — нашар борыштар бойынша сауда және есеп айырысу ережелерін жаңарту; VAMC мен банктердің өзара іс-қимыл рәсімдерін жеңілдету.
- «Кредиттік институттар туралы» Заңға түзетулер (2024–2025) өндіріп алуды жеделдетуге және банктер мен VAMC-тің өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған.
- 2025 жылғы бастамалар: шетелдік иеленудің жоғары үлесіне рұқсат беру (кейбір банктер үшін 49%-ға дейін), 2026 жылдан бастап кредиттік өсу лимиттерін қайта қарау.
Шектеулер мен ұсынымдар
Проблемалар:
- NPL-дің едәуір бөлігі банктердің балансында қалып отыр.
- Өндіріп алуды соттық және әкімшілік қолдаудың жеткіліксіздігі.
- Кепілдер бойынша дерекқордың әлсіздігі.
- VAMC-тің нарықтық құн бойынша сатып алу көлемі әлі де шектеулі
Ұсынымдар:
- Кепілді өткізуді жеңілдету үшін құқықтық базаны нығайту.
- Стрестік активтер нарығын дамыту және жеке инвесторларды тарту.
- Ашықтықты және деректер алмасуды арттыру (кепілдердің бірыңғай тізілімі және NPL базасы).
Дереккөздер және талдамалық база
- ADB — Nonperforming Loans Watch in Asia 2025 (NPL 2024 бағалауы ~5.4%).
- IMF — Vietnam: 2025 Article IV Consultation (NPL 2023–2024 бойынша деректер).
- State Bank of Vietnam — Circular 03/2024/TT-NHNN (нашар борыштар саудасын регламенттеу).
- «Кредиттік институттар туралы» Заңға түзетулер (2024–2025).
- VAMC талдамалық материалдары мен зерттеулері, 2020–2025.
Вьетнамның NPL нарығының динамикасы мен үрдістерін талдау (2019–2025)
Басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету және проблемалық активтер нарығындағы ағымдағы жағдайды талдау мақсатында макроэкономикалық үрдістерді, реттеушілік шараларды және нарықтық деректерді ескере отырып, Вьетнамның банк жүйесіндегі NPL көрсеткішінің 2019–2025 жылдар кезеңіндегі динамикасына талдамалық шолу ұсынылды..
NPL көрсеткішінің динамикасы (2019–2025)
Вьетнам Мемлекеттік банкінің (SBV) деректеріне, сондай-ақ CEIC және AMRO бағалауларына сәйкес, NPL көрсеткіші келесі үрдістерді көрсетті.
2021 жылы ең төменгі деңгейге дейін (шамамен 1,5%) төмендегеннен кейін, 2022–2023 жылдары 4,6–4,9%-ға дейін өсім байқалды.
2024 жылы көрсеткіш шамамен 4,8%-ды құрады, ал 2025 жылға арналған бағалау бойынша — 3,6% шамасында, бұл сектордағы жағдайдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді.
NPL деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары
NPL өсуіне және одан кейінгі төмендеуіне ықпал еткен негізгі факторлар:
- COVID-19 пандемиясының салдары кредиттік портфельдердің сапасының нашарлауына әкелді;
- Құрылыс және девелоперлік секторлардағы берешектің өсуі;
- Есепке алу әдіснамасын қайта қарау және бұрын жасырын болған проблемалық активтерді көрсету;
- Реттеушілік шаралардың және берешекті қайта құрылымдау бағдарламаларының жандануы.
Реттеушілік бастамалар және тұрақтандыру шаралары
Circular 03/2024/TT-NHNN (2024 жылы күшіне енді):
- Vietnam Asset Management Company (VAMC) жұмыс істеу және нашар активтермен сауда жасау ережелері жаңартылды.
- VAMC енді тек борышты қайтару перспективасы немесе өткізілетін кепілі бар NPL-ді ғана сатып ала алады.
- Борышты сатып алмас бұрын нарықтық құнын анықтау үшін бағалаушы ұйымды жалдау міндеті енгізілді.
- Сатып алу алдындағы міндетті іс-қимыл жоспары: VAMC борышты және кепілді басқару жөніндегі жоспарды алдын ала әзірлеп, бекітуі тиіс.
- Кепілді икемді сатуға рұқсат етілді — тіпті дұрыс ресімделген жағдайда, негізгі борыш сомасынан жоғары немесе төмен бағамен сатуға болады.
- NPL саудасының рәсімдері нақтыланды және өтімділікті бағалау мен өндіріп алудың нақты мүмкіндігі үшін жауапкершілік арттырылды.
Осылайша, Circular 03/2024 мәмілелердің құқықтық және қаржылық дайындығына қойылатын талаптарды күшейтеді және «bad-debt» портфельдерімен жұмыс істеу сапасын арттырады.
«Кредиттік институттар туралы» Заңға түзетулер (2024–2025):
Өндіріп алу және кепілді өткізу тетіктері жеделдетілді.
Кредиттік институттар енді келісімшарт талаптары болған және борышкер хабардар етілген жағдайда кепілді өндіріп ала алады.
Проблемалық институттарға қатысты ерте ден қою (early intervention) және қадағалау рәсімдері енгізілді.
Кредиттік институттарды тарату және банкроттыққа ұшырату рәсімдері жеңілдетілді.
Кредиттердің шоғырлануының жаңа лимиттері белгіленді (2029 жылға қарай капиталдың 10–15%-ы).
NPL бойынша кіріске болжанған, бірақ расталмаған пайыздар кірмейтіні нақтыланды.
Бұл өзгерістер өндіріп алудың, проблемалық активтерді басқарудың құқықтық базасын күшейтеді және жүйелік тәуекелдерді азайтады.
Вьетнам Мемлекеттік банкі 2025 жылдың соңына қарай NPL деңгейін 3%-дан төмендетуді мақсатты көрсеткіш ретінде белгіледі.
Секторлар бойынша құрылым және көрсеткіштер (бағалау)
Сектор | NPL деңгейі — 2025 (бағалау, %) | Recovery rate (бағалау, %) |
Коммерциялық жылжымайтын мүлік | 3–8 | 30–60 |
Девелопмент (тұрғын үй жобалары) | 4–10 | 20–50 |
Өндіріс | 1–5 | 40–70 |
Сауда/логистика | 1–5 | 35–65 |
Туризм/қонақ үйлер | 4–10 | 20–45 |
Нарықтық үрдістер мен қорытындылар
2024–2025 жылдардағы Вьетнамның NPL нарығы реттеуші шараларының жиынтығы мен банктік стратегиялардың бейімделуі арқасында біртіндеп қалпына келумен сипатталады.
Негізгі назар VAMC және жеке платформалар арқылы проблемалық активтерді сатуға және қайта құрылымдауға аударылған.
Өндіріп алу тиімділігін арттыру «soft» және «legal» тәсілдерін үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі, бұл активтерді қайтару коэффициентінің жақсаруынан көрінеді.
Тәжірибелік ұсынымдар
- NPL портфельдерін талдау кезінде кепілдердің заңдық тазалығына және борыштардың құрылымына назар аударған жөн.
- Расталған коллатералы (кепілдік қамтамасыз етуі) бар және коммерциялық өтімділікке ие активтер инвестициялау үшін перспективалы болып қала береді.
- Тиімділікті арттыру үшін жергілікті басқарушы компаниялармен (VAMC, ARCs) өзара іс-қимыл жасау және Circular 03/2024 тетіктерін пайдалану ұсынылады.
- Өндіріп алу және активтерді сату рәсімдеріне әсер ететін заңнамалық өзгерістерге мониторингті жалғастыру қажет.
Түйінді қорытындылар
Вьетнамдағы NPL көрсеткіші 2023 жылғы ең жоғары мәндерден кейін тұрақты төмендеу үрдісін көрсетіп отыр.
Активтер нарығы өтімділікті біртіндеп қалпына келтіруде, ал мемлекеттік шаралар проблемалық кредиттерді жедел шешуге жағдай жасауда.
Вьетнамның қаржы секторы тұрақтанған жағдайда, институционалдық инвесторлардың NPL-ді сатып алу және қайта құрылымдау бағдарламаларына қатысуына мүмкіндіктер ашылуда.