МОҢҒОЛИЯДА IPAF-ТЫҢ 10-ШЫ «БӨЛШЕК СЕГМЕНТТЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕРДІ (NPL) РЕТТЕУ ЖӘНЕ ПОРТФЕЛЬДІК ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ НЫҒАЙТУ» ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 14–15 мамырда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі компаниялардың халықаралық форумының (IPAF) 10-шы оқыту семинары өтеді.
Азия даму банкі (АДБ) мен Моңғолияның активтерді басқару корпорациясы (MAMCO) бірлесіп ұйымдастыратын семинар бағдарламасы IPAF-тің мүше ұйымдардың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
Негізгі назар бөлшек сегменттегі проблемалық кредиттерді реттеу әдіснамаларын жетілдіруге, сондай-ақ әрбір активпен жеке жұмыс істеуден портфельдік басқару тәсіліне көшуге аударылады.
Осылайша, бағдарлама екі негізгі бағытты қамтиды:
- жеке тұлғалардың проблемалық кредиттерін, бөлшек қарыздарын және микрокәсіпорындардың NPL реттеу;
- ірі ауқымды мәмілелерді жүзеге асыру және нарықтық деңгейде ауқымдауды қамтамасыз ету үшін бағалау және портфельдік талдау әдістерін жетілдіру.
Семинардың ашылуында 2026 жылға арналған экономикалық болжам, АДБ-ның NPL Watch Asia 2026 шолуының негізгі қорытындылары, сондай-ақ Ұлан-Батыр бастамасы бойынша жаңартылған ақпарат ұсынылады.
IPAF оқыту семинарының бірінші күні техникалық презентациялар мен интерактивті талқылауларға арналады. Атап айтқанда, техникалық шешімдер мен процестерді енгізу, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, тиімділікті мониторингтеу және бағалау модельдері мәселелері қарастырылады.
Екінші күні ұсынылған шешімдерді практикалық қолдануға басымдық беріледі. Құрылымдалған жұмыс топтары форматындағы талқылаулар барысында қатысушылар институционалдық жұмыс процестерін, бағалау тәжірибелерін және ұйымдардың портфельдік тәсіл негізінде ауқымдауға дайындығын бағалайды.
Семинар топтық презентациялармен, сертификаттар табыстаумен және кәсіби нетворкинг мүмкіндіктерімен аяқталады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға:
- бөлшек сегменттегі проблемалық кредиттерді реттеу бойынша операциялық тәсілдерді нығайтуға;
- тиімділікті мониторингтеу және тәуекелдерді басқару жүйелерін жақсарту;
- проблемалық активтерді бағалау және портфельдік басқару саласындағы техникалық құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.
Жалпы, семинар IPAF мүшелері үшін кәсіби сараптаманы тереңдетуге және стрестік активтермен жұмыс істеудің тұрақты нарықтық тәсілдері саласында институционалдық әлеуетті дамытуға бағытталған маңызды алаң болмақ.