АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР
Дс-Жм 09:00-18:00

Алмас Омарханұлы Омарханов «Проблемалық кредиттер қоры»  АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Алмас Омарханов «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

12 тамыз 2026 жыл.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №7 шешімімен Омарханов Алмас Омарханұлы 2026 жылғы 12 тамыздан бастап «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.

Бұған дейін ол «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Омарханов Алмас Омарханұлы 1983 жылы 9 мамырда дүниеге келген.

2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, ал 2012 жылы АҚШ-тағы West Coast University университетін «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы салық органдарында бастаған.

Әр жылдары «Астана-Финанс» АҚ-да, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-да, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде кеңесші және аппарат басшысы қызметтерін атқарды.

2024 жылғы 26 тамыздан 2025 жылғы 20 тамызға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Перейти к содержимому