«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқармасының құрамы
Басқарма Төрағасы
Абдуллаев Калилла Насурлаевич
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған Күні: 31 желтоқсан 1971 ж.
Ағымдағы сайланған күні: 24 маусым 2024 жылғы
Білімі
- Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;
- М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- 2000 жылы «Өтпелі экономика жағдайында өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу (Қазақстан Республикасының мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын қорғады және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды;
- 2010 жылы «Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру теориясы мен әдістемесі (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы болып бастады.
- 1994 - 2012 жж. – Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторынан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің бастығына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
- 2012 - 2013 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- 2013 - 2014 жж. – «Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы» ҚБ Вице-президенті;
- 2014 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы;
- 2017 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2019 - 2021 жж. – «Russell Bedford A+partners халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС Корпоративтік байланыстар бойынша серіктесі болды;
- 2021 - 2024 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарды.
Басқарма Төрағасының орынбасары
Ерназаров Асқар Алтынбекұлы
Туған күні: 1976 ж. 24 ақпан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 2 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 18-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университеті;
- Қазақ мемлекеттік заң университеті.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының бас маманы қызметінен бастаған.
- 1999-2004 жж. - Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында түрлі лауазымдардағы қызмет;
- 2005 жылы – «Желдорстрой» АҚ Активтерді басқару бөлімінің бастығы;
- 2005-2008 жж. – «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің сақтандыру секторы және банктік емес қаржы ұйымдары департаментінің сарапшысы, директоры;
- 2008-2009 жж. – «Кредит шебері» микрокредиттік ұйымы ЖШС Басқарушы директоры және бас директоры, коллекторлық қызметтердің Мамандандырылған орталығы ЖШС Бас директоры;
- 2009-2010 жж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бөлшек сауда желісі объектілерін бақылауды ұйымдастыру департаментінің бас маманы;
- 2010-2017 жж. – жеке сектордағы жұмыс;
- 2017-2018 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің бас маманы;
- 2018-2019 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаменті корпоративтік қарыздар басқармасының бастығы;
- 2019 жылдан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің директоры.
Басқарма Төрағасының орынбасары
Сапарғали Темірлан Абзалұлы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 7 мамыр 1996 жылғы
Қазіргі қызметке сайланған күні: 2026 жылғы 29 шілде
Білімі:
- 2014–2018 жж. – Almaty Management University, бакалавр, мамандығы - экономика.
- 2018–2019 жж. – Almaty Management University, экономика және бизнес магистрі, мамандығы - қаржы.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
- 09.2018 – 04.2019 жж. – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат бөлімінің штаттан тыс маманы.
- 05.2019 – 11.2019 жж. – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жобаларды мониторингтеу департаментінің менеджері.
- 11.2019 – 03.2020 жж. – «USM Astana» ЖШС бас экономисі.
- 03.2020 – 01.2021 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарын әдіснама және пруденциялық реттеу департаментінің жетекші маманы.
- 01.2021 – 08.2024 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Банктік реттеу департаменті Банктерді инспекциялау басқармасының бас маманы.
- 08.2024 – 03.2025 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Берешекті өндіріп алу департаментінің мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өндіріп алу басқармасының бастығы.
- 03.2025 – 11.2025 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Талап ету құқықтарымен және мемлекеттік кепілдіктермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры.
- 11.2025 – 02.2026 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
- 02.2026 – 08.2026 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі.
Басқарма төрағасының орынбасары
Омарханов Алмас Омарханұлы
Туған күні: 1983 ж. 9 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Ағымдағы сайланған күні: 12 тамыз 2026 жыл
Білімі:
- 2006 жыл - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. "Қаржы және кредит" Факультеті;
- 2012 жыл - West Coast University, АҚШ. "Банк және қаржы" Факультеті;
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
- 2007 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Басқармасында бас сарапшы және бас маман;
- 2009 жылғы қаңтардан 2010 жылғы мамырға дейін – Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары;
- 2010 жылғы мамырдан 2011 жылғы қазанға дейін – «Астана-Финанс» АҚ Басқарушы директоры және Басқарма мүшесі;
- 2011 жылғы желтоқсаннан 2012 жылғы маусымға дейін – «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры және Басқарма мүшесі;
- 2012 жылғы маусымнан 2016 жылғы наурызға дейін – «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы ақпанға дейін – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің директоры;
- 2019 жылғы наурыздан 2019 жылғы тамызға дейін – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры;
- 2020 жылғы ақпаннан 2020 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі;
- 2020 жылғы маусымнан 2024 жылғы тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Аппарат басшысы.
- 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы тамызға дейін – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Атқаратын функциялары:
Сатып алынған активтерді есепке алу және кредиттік әкімшілендіру департаменті мен Корпоративтік даму департаментінің қызметіне жетекшілік етеді және үйлестіреді.
Үлестес тұлғалардың жарғылық капиталында үлесі немесе акциялары жоқ.
Басқарма Төрағасының орынбасары/Қор Аппаратының Басшысы
Туменбаев Мұхит Жақсылықұлы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 1969 жылғы 16 мамыр
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 6 наурыздағы №3 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2025 жылғы 6 наурыздағы №30-л/с бұйрығы негізінде Басқарма Төрағасының орынбасары / Қор Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.
Білімі:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Экономика және құқық академиясы.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
- 1986 жылы еңбек жолын Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінің өндірістік-баспа бөлімінде ақпарат жеткізуші болып бастады (Алматы қаласы).
- 1987-1989 – Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет;
- 1989-1993 – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқу;
- 1994-1994 – Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң институтының халықаралық және мемлекеттік қызмет кафедрасының оқытушысы;
- 1994-1995 – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктер бойынша консультанты (Алматы қаласы);
- 1995-1995 – Қазақстан Даму Банкі заң департаментінің құқықтық сараптама басқармасының жетекші заңгері (Алматы қаласы);
- 1995-2002 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу агенттігінің Жылжымайтын мүлік орталығының заңгері, директор орынбасары (Алматы қаласы);
- 2002-2005 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласындағы Орталық (Алматы) сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханасының басшысы;
- 2005-2008 – Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары;
- 2008-2010 – Алматы қаласындағы «ХАК» Эксперттік-заң орталығы» мекемесінің атқарушы директоры;
- 2010-2013 – Алматы қалалық филиалы НДП «Нұр Отан» партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;
- 2013-2013 – «Туменбаева ЖК» жеке кәсіпкерлік қызметі;
- 2023-2025 – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Резерв» РМК бас директорының орынбасары.