АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі — ӘРПК) әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органға немесе лауазымды адамға өтініш беру құқығы көзделген.

ӘРПК-нің 4-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес өтініш – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жіберілген өтініш немесе шағым.

  • Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша/қағаз өтінішін (өтініш үлгісін) қолма-қол беруге немесе пошта арқылы мына мекенжай бойынша жіберуге болады: 050010, Достық даңғылы, 160 үй, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. 
  • Электрондық өтінішті e-otinish порталы арқылы, «е-Өтініш» жүйесін институционализациялау шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде беруге болады.
  • Ауызша өтініш: 8 727 355 01 11 (ішкі 2156, 2157) телефон нөмірі бойынша қабылданады және/немесе Азаматтарды қабылдау кестесі бойынша 050010, Достық даңғылы, 160 үй, Алматы қ., Қазақстан Республикасы мекенжайы бойынша.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасымен немесе олардың орынбасарларымен жеке қабылдауға немесе бейнеконференцбайланысқа жазылу жеке және заңды тұлғалар үшін жоғарыда көрсетілген форматтардың біріне сұрау жіберу жолымен мүмкін болады.

Перейти к содержимому