АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Халықаралық тәжірибе

Проблемалық активтермен жұмыс істеу саласындағы озық тәжірибелерді зерттеу және енгізу мақсатында Қор халықаралық қаржы ұйымдарымен – ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Ирландия, Испания, Украина және басқа елдердің стресс-активтерді басқару жөніндегі компанияларымен және АҚШ Қазынашылық департаментімен тығыз ынтымақтастық орнатты.

Проблемалық кредиттер қоры аталған ұйымдарды өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін техникалық және консультациялық көмек көрсетуге тұрақты түрде тартады.

Қордың жинақтаған тәжірибесін, сондай-ақ шетелдік серіктестеріміздің тәжірибесін ескере отырып, осы бөлімде проблемалық активтерді сатып алу, басқару және өткізу жөніндегі әлемдік тәжірибеге арналған талдамалық материалдар, Қазақстан Республикасы банк секторының жағдайына шолу және басқа да материалдар ұсынылатын болады.

Перейти к содержимому