Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған Күні: 31 желтоқсан 1971 ж.
Ағымдағы сайланған күні: 24 маусым 2024 жылғы
Білімі
- Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;
- М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- 2000 жылы «Өтпелі экономика жағдайында өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу (Қазақстан Республикасының мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын қорғады және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды;
- 2010 жылы «Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру теориясы мен әдістемесі (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы болып бастады.
- 1994 — 2012 жж. – Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторынан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің бастығына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
- 2012 — 2013 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- 2013 — 2014 жж. – «Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы» ҚБ Вице-президенті;
- 2014 — 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы;
- 2017 — 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2019 — 2021 жж. – «Russell Bedford A+partners халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС Корпоративтік байланыстар бойынша серіктесі болды;
- 2021 — 2024 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарды.