Туған күні: 1981 ж. 1 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі — Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 8 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 123-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті;
- «МГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан Университеті;
- «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
- 2004-2009 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымындағы жұмыс;
- 2009-2012 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Атырау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;
- 2012-2014 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;
- 2014-2015 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана — Жаңа Қала» Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
- 2015-2017 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
- 2017-2018 жж. – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-да жұмыс істеді.