Туған күні: 1976 ж. 24 ақпан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі — Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 2 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 18-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университеті;
- Қазақ мемлекеттік заң университеті.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының бас маманы қызметінен бастаған.
- 1999-2004 жж. — Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында түрлі лауазымдардағы қызмет;
- 2005 жылы – «Желдорстрой» АҚ Активтерді басқару бөлімінің бастығы;
- 2005-2008 жж. – «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің сақтандыру секторы және банктік емес қаржы ұйымдары департаментінің сарапшысы, директоры;
- 2008-2009 жж. – «Кредит шебері» микрокредиттік ұйымы ЖШС Басқарушы директоры және бас директоры, коллекторлық қызметтердің Мамандандырылған орталығы ЖШС Бас директоры;
- 2009-2010 жж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бөлшек сауда желісі объектілерін бақылауды ұйымдастыру департаментінің бас маманы;
- 2010-2017 жж. – жеке сектордағы жұмыс;
- 2017-2018 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің бас маманы;
- 2018-2019 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаменті корпоративтік қарыздар басқармасының бастығы;
- 2019 жылдан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің директоры.