Туған күні: 1983 ж. 9 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі — Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 8 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 123-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- West Coast University, АҚШ.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының бас сарапшысы қызметінен бастады.
- 2009-2010 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары;
- 2010-2011 жылдары – «Астана-қаржы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
- 2011-2012 жж. – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
- 2012-2016 жж. – «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2016-2019 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің директоры;
- 2019 жылы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры;
- 2020 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі;
- 2020 жылдан 2024 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аппаратының басшысы.