Абдуллаев Калилла Насурлаевич АҚ "Проблемалық Кредиттер Қоры" Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 21 маусымдағы 2024 жылғы №386 бұйрығымен Абдуллаев Калилла Насурлаевич АҚ «Проблемалық кредиттер Қорының» Басқарма Төрағасы болып сайланды.
Бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚАЗҰУ) қаржылық қызметі бойынша Проректоры қызметінде болды.
Абдуллаев Калилла Насурлаевич 1971 жылы 31 желтоқсан күні дүниеге келді.
Экономика ғылымдарының Докторы.
- Салық органдарында қызметі: Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы лауазымынан бастап, Департамент бастығы қызметіне дейін, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстарының (1994 – 2012);
- Маңғыстау облысы әкімінің Орынбасары (2012 – 2013);
- Қазақстан Республикасы салықтық кеңесшілер Палатасының вице-президенті, Алматы қ. (2013-2014);
- Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу Комитетінің төрағасы (2014 – 2017);
- Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік сатып алу Комитетінің төрағасы (2014 – 2017);
- Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік Инспекторы (2017 – 2019);
- ЖШС «Халықаралық Аудиторлық Компания Russell Bedford A+partners» корпоративтік байланыстар бойынша Партнері (2019 – 2021);
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Проректоры (2021 – 2024).