Жұмыс істемейтін активтерді сатып алу жолымен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу, оларды сауықтыру және өткізу арқылы жұмыс істемейтін активтерді экономикалық айналымға тарту.
Активтерді сату
Мұнда активтердің түрлері мен Қордың жүзеге асыратын мүлкінің тізімі туралы ақпарат ұсынылған.
Қажетті бөлімге өту үшін активтер түрін таңдау қажет
Баланстағы мүлік сатылымы
Қор балансындағы мүлікті сату арқылы активтерді тиімді экономикалық айналымға енгізіп, мемлекеттік бюджетке қаражат түсіруді мақсат етеді.
Талап ету құқықтары бойынша жұмыс аясында мүлік және мүліктік құқықтарды сату
Бұрын берілген қарыздар мен міндеттемелер бойынша талаптардың құқықтары сатылады, бұл қаржыларды экономикаға қайтаруға және жобалардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарызды өндіріп алу рәсімі шеңберінде кепіл мүлкін сату
Кепілге салынған активтерді сату міндеттемелерді орындамау жағдайында қарызды өндіріп алу рәсімдері шеңберінде жүзеге асырылады. Сату арқылы түскен қаражат қарыздарды өтеуге және ликвидтілікті қалпына келтіруге бағытталады.
Салық төлеушілердің мүлкін сату
Қор салық төлеушілердің мүлкін сатуды жүзеге асыратын, сауданың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ететін уәкілетті ұйым болып табылады.
Қордың еншілес ұйымы «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ мүлкін сату
Бұл бөлімде Қордың еншілес ұйымы — «Қазақстанның Инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының активтері ұсынылған
Қордың құрылымына мынадай еншілес ұйымдар кіреді:
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Инвестициялық жобаларды басқарып, іске асырады. Сондай-ақ, кәсіпорындарды сауықтыруға, жаңа өндірістерді жолға қоюға және Қазақстан өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға үлес қосады.
«KAZKOM Realty» ЖШС
Жер учаскелерін басқару, дамыту және іске асыру саласында мамандандырылған.
«ҚазТранзитСервис» Ұлттық Кепілдік Компаниясы ЖШС
Кепіл берушінің транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қызметтерін ұсынады.
Жаңалықтар
Баспасөз хабарламалары
Проблемалық кредиттер қоры: мемлекеттік кепілдігі бар қарыздар бойынша мемлекет агенті
Проблемалық кредиттер қоры: қаржы тұрақтылығы мен өңірлік дамуды қолдау
Проблемалық кредиттер қоры берешекті қайтару және активтерді экономикаға тарту жұмыстарын күшейтуде
Тарихи маңызды оқиғалар
Ұлттық Банк жанында Қордың құрылуы, жарғылық капиталының қалыптасуы.
Екінші деңгейлі банк – «АТФ Банк» АҚ-дан алғашқы жобаны сатып алу.
Жүйе құраушы банк «Қазкоммерцбанк» АҚ-ны шартты қаржыландыру.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру.
Қорды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қаржы министрлігіне басқаруға беру. «БТА Банк» АҚ-ның активтер портфелін сатып алу, жүйе құраушы банк ретінде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету.
«Цеснабанк» АҚ-ның проблемалық активтерін сатып алу. «Астана Банкі» АҚ-ның қарызын Қорға ауыстыру келісімінің жасалуы.
«Цеснабанк» АҚ-ның проблемалық активтерін сатып алу. Қазақстан Республикасының Президентінің азаматтардың қарыз жүктемесін азайту туралы Жарлығын жүзеге асыру.
Банк операцияларын жүргізуші ұйымдардан талап құқықтарын сатып алу.
Банк операцияларын жүргізуші ұйымдардан талап құқықтарын сатып алу. «Активтерді реабилитациялау және басқару компаниясы» АҚ-ның Қорға қосылуы.
«Estate Management Company» АҚ-ның 100% акция пакетін сату.
2024 жылдың 1 шілдесінде Қаржы министрі бекіткен Жол картасы аясында Қордың қызметін трансформациялау.
«Қазақстан Инвестициялық қоры» АҚ-ның 100% мемлекеттік акция пакетін басқару құқығын Қорға беру.
Қаралым статистикасы
Бүгінгі
қаралым
Бір апталық
қаралым
Бір айлық
қаралым
Call-орталығы
Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласыңыз:
+7 727 356 09 71
Біздің байланыс
Кеңсе / Қабылдау
+7(727) 356-09-71,
+7(727) 356-09-72
Мүлікті сату үшін мына телефонға хабарласыңыз:
+7(727) 355-01-11
Егер Сізге Қорға қатысты үшінші тұлғалармен, немесе Қор қызметкерлерімен жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәлім болса, Сіз шара қолдану үшін тиісті хабарламаны senim@fpl.kz электронды жәшігіне жолдауға немесе
+7 (727) 356-09-71/72 (ішкі 2127)
телефонына хабарласуыңызға болады.

