Тарихтың басталуы
Қордың құрылуы
Қор Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру шеңберінде банктердің балансын «жұмыс істемейтін» қарыздардан «тазарту» процесінде банктерге жәрдем көрсету үшін 2012 жылғы 11 қаңтарда әділет органдарында құрылды және тіркелді.
Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.
Қордың рөлі
Миссия және стратегиялық бағыттар
Стратегиялық бағыттар
- Банк секторын сауықтыру.
- Сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту.
Қызмет
Қызметтің негізгі түрлері
Бұрын банктер болған заңды тұлғалардың және банктердің жұмыс істемейтін активтерін сатып алу.
Сатып алынған активтерді басқару.
Сатып алынған активтерді сауықтыру және өткізу арқылы оларды экономикалық айналымға тарту.
Мемлекет кепілдік берген қарыздар және мемлекеттік қарыздар шеңберінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және мемлекеттік кіріс органдары ұстаған тауарларды өткізу.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканы сауықтыруға бағытталған, Үкімет немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған арнайы бағдарламаларды іске асыру.