"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ астықты сақтауға және өңдеуге арналған элеватордың мүліктік кешенін жалға беру ниеті туралы хабарлайды.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ астықты сақтауға және өңдеуге арналған элеватордың мүліктік кешенін жалға беру ниеті туралы хабарлайды.
Нысанның негізгі параметрлері:
Өндірістік қуаты: 159 000 тонна
Кешеннің жалпы ауданы: 12 935 шаршы метр
Жер учаскесінің ауданы: 7,785 га
Жалпы ауданы 1 991,80 шаршы метрді құрайтын жеке қойма үй-жайларын да, бүкіл кешенді де жалға алу мүмкіндігі беріледі.
Мекен-жайы: Астана қ., Промышленный т. м., Қапал к-сі, 8.
Нысан күйінің қысқаша сипаттамасы
Қазіргі уақытта мүліктік кешен жұмыс істемейді және келесі коммуникацияларды қалпына келтіруді талап етеді:
электрмен жабдықтау;
сумен жабдықтау;
су бұру;
жылыту жүйелері және басқа да байланысты жүйелер.
Сондай-ақ, жабдықты іске қосуға дайындау қажет. Әрі қарай пайдалану үшін білікті мамандар тобын құру қажет.
Кешен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының соңғы кезеңінде өндірістік қызметті қайта бастау үшін қажетті барлық ғимараттарды, құрылыстарды және инфрақұрылым элементтерін қамтиды.
Маңызды:
Астықты тасымалдау үшін темір жолдарға кіру мүмкіндігі жоқ.
Ең төменгі жалдау мерзімі-келісімге қол қойылған күннен бастап 1 жыл.
Коммерциялық ұсыныстар мен өтінімдер 10.12.2025 жылға дейін қабылданады.
Жалға алушы белгіленген критерийлерге сай болуы керек.
Әлеуетті жалға алушылар үшін үй-жайларды алдын ала уағдаластық бойынша көрсету жүзеге асырылады.
Байланыс
Жалға алу, өтініш беру және коммерциялық ұсыныстар бойынша хабарласыңыз:
Тел.: +7 (727) 356-09-71/72, вн. 2040
E-mail: info@fpl.kz
Байланыс тұлғасы: Разбеков Г. А.


















