АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР
Дс-Жм 09:00-18:00

Сұрақ-жауап

Проблемалық несиелер туралы

Жауап:
Құрметті пайдаланушы!

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, өз құзыреті шеңберінде келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес, өтінішті қарау – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның өз құзыреті шегінде шешім қабылдауы болып табылады.

Қор банктік сектордағы кредиттік портфель сапасын жақсартуға маманданған ұйым болып табылады және банктік секторды сауықтыру аясында ғана банктер мен (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан активтерді сатып алады.

Сонымен қатар, Қор мұндай жағдайларды түсіністікпен қабылдағанымен, қолданыстағы өкілеттіктері шеңберінде жеке тұлғалардың кредиттік тарихын түзету, берешекті реттеу және жеке тұлғалардың банктерге, микроқаржылық ұйымдарға, онлайн-қарыздарға, коллекторлық агенттіктерге, жеке сот орындаушыларына, кредиттік серіктестіктерге, ломбардтарға және өзге де микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты кредиттік/микрокредиттік міндеттемелерін реттеу, сондай-ақ қарыздарды сатып алу, есептен шығару, қайта қаржыландыру және қарыз алушы-жеке тұлғаның міндеттемелерін орындауына байланысты басқа да рәсімдерді қамтамасыз ету (көмек көрсету, жәрдемдесу) мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ.

Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қор Жарғысының талаптарына сәйкес, Сіз өз өтінішіңізде көтерген мәселелер Қордың құзыретіне кірмейді.


Be the first person to like this faq.

Берешекті өндіріп алу туралы

Жауап:
Берешек мөлшерін келесі тәсілдермен білуге болады:

  1. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға өзекті берешек сомасын көрсете отырып есеп-қисапты ұсыну туралы өтінішпен Қордың ресми сайты арқылы немесе электрондық пошта арқылы (info@fpl.kz) жүгіну;
  2. Сіздің несие тарихыңыз бойынша ақпарат алу үшін www.mkb.kz (Мемлекеттік несие бюросы) немесе www.1cb.kz (Бірінші несие бюросы) сайттары арқылы несие есебін алу.


Be the first person to like this faq.

Жауап:

  1. Шектеу қоюға себеп болған Қор алдындағы берешекті өтеу қажет;
  2. Шектеуді алып тастау үшін жеке сот орындаушысына жүгіну қажет.

Be the first person to like this faq.

Жауап:
Сіз азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы — e-otinish арқылы өтініш жолдай аласыз, сондай-ақ өтінішті «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның электрондық поштасына (info@fpl.kz) немесе Алматы қаласындағы Қор кеңсесіне (мекенжайы: Достық даңғылы, 160) жолдауыңызға болады. Өтініш жолдаған кезде кері байланыс үшін байланыс деректерін және нақты мекенжайларды көрсетуді ұсынамыз.


Be the first person to like this faq.

Жауап:
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңы күшіне енді. Осы Заң аясында қарызгер болып табылатын жеке тұлға 6-бапта көзделген негіздер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Азамат банкрот деп танылған жағдайда, оның кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады.

Өтініш беру тәсілдері:

  • сотқа өз бетінше жүгіну;
  • адвокат немесе заң кеңесшісі арқылы жүгіну.

Be the first person to like this faq.

Жауап:
Аталған Заңға сәйкес, азамат банкрот деп танылғаннан кейін, оның кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады
(мысалы, алименттер немесе қылмыстық айыппұлдардан басқа жағдайларды қоспағанда).


Be the first person to like this faq.

Тәуекелдер туралы

Жауап:
Проблемалық кредиттерді сатып алушы қаржылық тәуекелдерге (күтілетін төлемдерді ала алмау, резервтер құру қажеттілігі, кепіл мүлкі құнының өзгеруі), заңдық тәуекелдерге (мәмілелерге дау айту, аяқталмаған сот процестері, шарттардың жарамсыздығы, заңнамалық шектеулер) және операциялық тәуекелдерге (құжаттаманың толық болмауы немесе сапасының төмен болуы, деректерді берудегі қиындықтар, адами фактор) тап болады. Осы тәуекелдерді барынша азайту үшін активтерге кешенді заңдық және қаржылық сараптама, кепілдердің сапасы мен өтімділігін талдау, сот даулары мен шарттардың құқықтық мәртебесін тексеру, сондай-ақ ішкі тәуекел-менеджмент жүйелерін енгізу және заңнаманы қатаң сақтау шаралары қолданылады.


Be the first person to like this faq.

Жауап:
Борыштарды қайта құрылымдау кезінде қарыз алушылардың жаңа шарттарды сақтамау ықтималдығымен байланысты белгілі бір тәуекелдер туындауы мүмкін, бұл міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруға немесе дефолтқа әкелуі ықтимал. Сондай-ақ «прецедент» әсері де бар, бұл кезде қарыз алушылардың бір бөлігінде болашақта осындай жеңілдіктер болады деген үміт қалыптасып, олардың төлем тәртібіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, борышкерлердің өз қаржылық жағдайы туралы толық емес немесе нақты емес ақпарат беру ықтималдығы да жоққа шығарылмайды, бұл қайта құрылымдау туралы қабылданатын шешімдердің сапасына әсер етеді.

Мұндай тәуекелдерді барынша азайту үшін қаржы ұйымдары қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне кешенді бағалау жүргізеді, қайта құрылымдау шарттарының орындалуына тұрақты мониторинг ұйымдастырады және тәуекелдерді басқарудың озық тәжірибелерін ескере отырып, ішкі стандарттар мен рәсімдерді әзірлейді.

Қор өз құзыреті шегінде әрекет ете отырып, қарыз алушылардың борыштарын қайта құрылымдаумен байланысты тәуекелдерді талдауға және төмендетуге де назар аударады.


Be the first person to like this faq.

Жауап:
Сатып алынған активтерді сату процесінде қаржылық, заңдық, операциялық және нарықтық тәуекелдер туындауы мүмкін. Қаржылық және нарықтық тәуекелдерге активтерді олардың объективті нарықтық құнынан төмен немесе жоғары бағамен сату ықтималдығы, сату мерзімдері созылған жағдайда өтімділіктің төмендеуі мен құнсыздануы, сондай-ақ әлеуетті сатып алушылар тарапынан сұраныстың шектеулі болуы жатады, бұл сайып келгенде, сату тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Операциялық тәуекелдер ұйымдастырушылық қиындықтар, ұзаққа созылған рәсімдер, сондай-ақ нарықты жеткіліксіз хабардар ету түрінде көрінеді. Заңдық тәуекелдер ауыртпалықтардың, сот талқылауларының немесе активтерді сатуды қиындатуы немесе кейінге қалдыруы мүмкін өзге де құқықтық шектеулердің болуымен байланысты.

Аталған тәуекелдерді барынша азайту үшін Қор активтердің нарықтық құнына тәуелсіз бағалау жүргізеді, сатудың ашық және айқын рәсімдерін қолданады, құжаттаманы тиісті жағдайға келтіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ ақпаратты электрондық сауда платформасында және мамандандырылған ресурстарда орналастыру арқылы әлеуетті сатып алушыларды кеңінен қамтуды қамтамасыз етеді.


Be the first person to like this faq.
Перейти к содержимому