Миссия және пайым

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ банк жүйесіндегі несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық міндетті орындау мақсатында банктердің балансын «жұмыс істемейтін» қарыздардан «тазарту» процесінде банктерге жәрдемдесу үшін 2012 жылы құрылды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қорды басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырды. 2017 жылы Қор Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне басқаруға берілді. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

01

Қор миссиясы

Ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу: жұмыс істемейтін активтерді сатып алу арқылы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту; жұмыс істемейтін активтерді сауықтыру және өткізу арқылы оларды экономикалық айналымға тарту.

02

Қордың стратегиялық пайымы

Біз 2027 жылға қарай қаржы ұйымдарының кредиттік портфельдерін тазарту, активтерді қайта құрылымдау және стресстік портфельді басқару саласындағы кәсіби басқарушы компания әрі ұлттық құзыреттер орталығы болуды көздейміз.

Қор шешімдер қабылдау процесінің ашықтығын және бөлінген қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін қағидаттарды басшылыққа алады. Қор қызметінің бағыттары — банк секторын сауықтыру және сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту. Қордың активтерді басқару саласындағы стратегиясы активтерді өткізуден түсетін тұрақты және жоспарлы ақша ағынын сақтай отырып, активтерді экономикалық айналымға жедел әрі мақсатты қайтаруға бағытталған.

Стратегия

Стратегиялық бағыттар

01

Банк секторын сауықтыру

Қор қызметінің бірінші стратегиялық бағыты — екінші деңгейдегі банктердің баланстарын «жұмыс істемейтін» қарыздардан тазарту жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу және қолдану арқылы қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, банк секторын сауықтыру.

02

Активтерді экономикалық айналымға қайтару

Қор қызметінің екінші стратегиялық бағыты — сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды сатып алынған активтерді сауықтыру арқылы экономикалық айналымға тарту (қайта құрылымдау, инвесторларды тарту, сотқа дейінгі/сот тәртібімен өткізу, банкроттық), девелоперлік жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қор мен оның еншілес ұйымдарының мүлкін өткізу.

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ұйымдарға мүшелік

International Public Asset Management Company Forum (IPAF)

Проблемалық кредиттер қоры International Public Asset Management Company Forum (IPAF) мүшесі болып табылады. IPAF — табысты стратегиялар мен білімдер алмасуға, сондай-ақ ынтымақтастыққа арналған халықаралық алаң. IPAF активтерді басқару жөніндегі 7 (жеті) азиялық мемлекеттік компанияның қатысуымен құрылды:

  • Қытай активтерін басқару компаниясы Cinda Co., Ltd. (ҚХР)
  • Қытай активтерін басқару компаниясы Great Wall (ҚХР)
  • Қытай активтерін басқару компаниясы Huarong Co., Ltd. (ҚХР)
  • Korea Asset Management Corporation (KAMCO)
  • Таиланд активтерін басқару компаниясы Sukhumvit Co., Ltd.
  • Вьетнамдық қарыздар мен активтер сауда компаниясы (DATC)
  • Проблемалық кредиттер қоры (Қазақстан)
2013 IPAF жұмысының басталуы
13 Қорды қоса алғанда, қолданыстағы мүшелер
4 өткізілген саммит
6 оқыту семинары

KAMCO-мен өзара түсіністік туралы меморандум

2018 жылы Қор мен Корея активтерін басқару корпорациясы (KAMCO) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

KAMCO 1962 жылы Корея Даму Банкінің проблемалық активтерін басқару үшін оның ведомстволық ұйымы ретінде құрылды. Кейіннен KAMCO қайта құрылып, қаржы институттарының жұмыс істемейтін кредиттерін сатып алу және сауықтыру құзыретіне ие болды.