Еншілес ұйымдар

Қордың құрылымына мынадай еншілес ұйымдар кіреді:

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

Инвестициялық жобаларды басқарып, іске асырады. Сондай-ақ, кәсіпорындарды сауықтыруға, жаңа өндірістерді жолға қоюға және Қазақстан өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға үлес қосады.

«KAZKOM Realty» ЖШС

«KAZKOM Realty» ЖШС жер учаскелерін басқаруға, дамытуға және сатуға мамандандырылған компания болып табылады. Компанияның меншігінде жалпы ауданы 900 гектардан асатын, негізінен Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан жер учаскелері бар. Жер учаскелерін сату мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«ҚазТранзитСервис» Ұлттық Кепілдік Компаниясы ЖШС

«ҚазТранзитСервис» Ұлттық Кепілдік Компаниясы ЖШС транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша кепіл беруші ретінде қызметті жүзеге асырады.

Байланыс телефоны: +7 (727) 356-09-71 / 72