«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқармасының құрамы

Басқарма Төрағасы
Абдуллаев Калилла Насурлаевич
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған Күні: 31 желтоқсан 1971 ж.
Ағымдағы сайланған күні: 24 маусым 2024 жылғы
Білімі
- Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;
- М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- 2000 жылы «Өтпелі экономика жағдайында өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу (Қазақстан Республикасының мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын қорғады және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды;
- 2010 жылы «Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру теориясы мен әдістемесі (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы болып бастады.
- 1994 - 2012 жж. – Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторынан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің бастығына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
- 2012 - 2013 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- 2013 - 2014 жж. – «Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы» ҚБ Вице-президенті;
- 2014 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы;
- 2017 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2019 - 2021 жж. – «Russell Bedford A+partners халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС Корпоративтік байланыстар бойынша серіктесі болды;
- 2021 - 2024 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарды.

Басқарма төрағасының орынбасары
Байғазиев Нұржан
Дамирұлы
Туған күні: 1981 ж. 1 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 8 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 123-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті;
- «МГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан Университеті;
- «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
- 2004-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымындағы жұмыс;
- 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Атырау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;
- 2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;
- 2014-2015 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана - Жаңа Қала» Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
- 2015-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
- 2017-2018 жж. – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-да жұмыс істеді.

Басқарма төрағасының орынбасары
Ерназаров Асқар Алтынбекұлы
Туған күні: 1976 ж. 24 ақпан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 2 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 18-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университеті;
- Қазақ мемлекеттік заң университеті.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының бас маманы қызметінен бастаған.
- 1999-2004 жж. - Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында түрлі лауазымдардағы қызмет;
- 2005 жылы – «Желдорстрой» АҚ Активтерді басқару бөлімінің бастығы;
- 2005-2008 жж. – «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің сақтандыру секторы және банктік емес қаржы ұйымдары департаментінің сарапшысы, директоры;
- 2008-2009 жж. – «Кредит шебері» микрокредиттік ұйымы ЖШС Басқарушы директоры және бас директоры, коллекторлық қызметтердің Мамандандырылған орталығы ЖШС Бас директоры;
- 2009-2010 жж. – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бөлшек сауда желісі объектілерін бақылауды ұйымдастыру департаментінің бас маманы;
- 2010-2017 жж. – жеке сектордағы жұмыс;
- 2017-2018 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің бас маманы;
- 2018-2019 жж. – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаменті корпоративтік қарыздар басқармасының бастығы;
- 2019 жылдан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ берешекті өндіріп алу департаментінің директоры.

Басқарма төрағасының орынбасары
Омарханов Алмас Омарханұлы
Туған күні: 1983 ж. 9 мамыр
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) Директорлар кеңесі отырысының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 8 шешіміне сәйкес Қордың Басқарма мүшесі болып сайланды және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 123-ж/қ бұйрығы негізінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Білімі:
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- West Coast University, АҚШ.
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының бас сарапшысы қызметінен бастады.
- 2009-2010 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары;
- 2010-2011 жылдары – «Астана-қаржы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
- 2011-2012 жж. – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
- 2012-2016 жж. – «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2016-2019 жж. – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің директоры;
- 2019 жылы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры;
- 2020 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі;
- 2020 жылдан 2024 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аппаратының басшысы.