АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесінің мүшесі

Адильбеков Нурмахан Абилкасымович

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Туған күні: 19.02.1973 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Білімі:

  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы;
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

Еңбек тәжірибесі:
Еңбек жолын 1994 жылы Шымкент облысында орналасқан «Победа» мақта өсіру кеңшарында бастаған.

  • 1995 - 2010 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
  • 2014 - 2020 жж. – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
  • 2020 - 2022 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы.
  • 2022 - 2024 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қарасты Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
  • 2024 - 2025 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары.
Тәуелсіз директор

Тәуелсіз директор

Эдуард Карлович
Утепов

Туған күні: 02.10.1953 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Білімі

  • Мәскеу болат және қорытпалар институты.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1977 жылы Қазақстан политехникалық институтында стажер-зерттеуші ретінде бастады.

  • 1994 - 1995 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары;
  • 1995 - 1997 жж. - Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы;
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекешелендіру департаментінің директоры;
  • 1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының бірінші орынбасары;
  • 1998 - 2000 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары және Қазынашылық департаменті директорының орынбасары;
  • 2000 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2006 - 2018 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесінің мүшесі

Қалилла Насурлаұлы Абдуллаев

Туған күні: 31.12.1971 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Білімі

  • Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты;
  • М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • 2000 жылы «Өтпелі экономика жағдайында өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу (Қазақстан Республикасының мысалында)» кандидаттық диссертация тақырыбын қорғады және экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды;
  • 2010 жылы «Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру теориясы мен әдістемесі (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1994 жылы Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторы болып бастады.

  • 1994 - 2012 жж. – Тараз қаласы Жамбыл қалалық салық инспекциясының инспекторынан бастап, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттердің бастығына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;
  • 2012 - 2013 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
  • 2013 - 2014 жж. – «Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы» ҚБ Вице-президенті;
  • 2014 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы;
  • 2017 - 2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2019 - 2021 жж. – «Russell Bedford A+partners халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС Корпоративтік байланыстар бойынша серіктесі болды;
  • 2021 - 2024 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарды.
Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесінің мүшесі

Қайрат Исатайұлы
Миятов

Туған күні: 07.09.1971 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Білімі

  • Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты;
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша Салық инспекциясының аға салық инспекторы болып бастады.

  • 2005 - 2007 жж. - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2007-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары және Салық аудиті басқармасының бастығы;
  • 2009 - 2011 жж. - Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;
  • 2012 - 2013 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары;
  • 2013 - 2017 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңалту және банкроттық жөніндегі басқармасының, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының, Экспорттық бақылау басқармасының басшысы;
  • 2017 - 2020 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляциялар департаментінің директоры;
  • 2020 - 2024 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары;
  • 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Бюджеттік кредиттеу және Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Тәуелсіз директор

Тәуелсіз директор

Гаухар Бөдесқызы
Увакбаева

Туған күні: 26.11.1973 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Білімі

  • «Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы»;
  • «Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы» Магистратура;
  • «Каспий қоғамдық университеті».

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы» кафедрасының доценті болып бастады.

  • 2006 - 2007 жж. – «Банк «Каспий» АҚ Корпоративтік оқыту басқармасының бастығы және «Каспий корпоративтік академиясының» ректоры;
  • 2007 жылы «Алым» Салық төлеушінің консультациялық орталығы» ЖШС директоры және Қазақстан Республикасы Салық консультанттары палатасының мүшесі болып еңбек етті (тіркелім № 00131);
  • 2007 жылдан бастап - Әл-Фараби ат. ҚазҰУ ЭжБЖМ «Есеп және қаржы» кафедрасының доценті.

Басқа лауазымдар:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №983 бұйрығымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының қатысушысы;
  • «Кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар институтының «Жоғары Экономика мектебі» ЖШС лекторы (03.10.2022 ж. бастап);
  • 2030 жылға дейінгі Салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу бойынша «Атамекен» ҰКП Жұмыс тобының қатысушысы (2022 жылғы 22 қазандағы №189/2022 Бұйрық).

 

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Дәурен Оденұлы
Темірбеков

Туған жылы: 02.03.1986 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Білімі:

  • Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті;
  • Қазақстан халықтар достығы университеті;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффилд университеті (Ұлыбритания).

 Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің маманы болып бастады.

  • 2009 - 2015 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда еңбек етті, онда сарапшыдан директордың орынбасарына дейін лауазымдарды атқарды;
  • 2017 - 2022 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды;
  • 2022 жылғы қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Басқа лауазымдар:

  • АХҚО Әкімшілігінің Директорлар кеңесінің мүшесі (08.2024 бастап)
Перейти к содержимому