Қордың Тарихы
БІЗ ТУРАЛЫ
Қор Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «жұмыс істемейтін» қарыздардан балансты «тазарту» процесінде банктерге жәрдем көрсету үшін 2012 жылғы 11 қаңтарда әділет органдарында құрылды және тіркелді. Қордың жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылады.
ҚОР МИССИЯСЫ
Ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу;
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
• банк секторын сауықтыру;
• сатып алынған активтерді экономикалық
айналымға тарту.
ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
• бұрын банктер болған заңды тұлғалардың және банктердің жұмыс істемейтін активтерін сатып алу;
• сатып алынған активтерді басқару;
• сатып алынған активтерді сауықтыру және сату жолымен оларды экономикалық айналымға тарту;
• Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу;
• мемлекеттік кіріс органдары ұстаған мүлікті өткізу;
• үкімет немесе Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен қабылданған, қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканы сауықтыруға бағытталған арнайы бағдарламаларды іске асыру.