
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Азия даму банкі (АДБ), Моңғолияның активтерді басқару корпорациясы (MAMCO), Моңғолия Банкі және Моңғолияның депозиттерге кепілдік беру компаниясы (DiCOM) ұйымдастыратын IPAF-тың 9-шы Саммиті мен Халықаралық конференциясына қатысатыны жөнінде хабарлайды. Іс-шаралар 2025 жылғы 13–15 тамыз аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтеді.
IPAF — бұл проблемалық кредиттерді (NPL) басқару саласында табысты стратегиялар мен біліммен алмасуға, сондай-ақ ынтымақтастық орнатуға арналған халықаралық платформа. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 2013 жылдан бастап IPAF мүшесі болып табылады.
IPAF-тың 9-шы Саммитінің тақырыбы қаржылық тұрақтылықты арттыру және проблемалық кредиттермен (NPL) байланысты мәселелерді жедел шешу стратегияларына бағытталады. Іс-шараның мақсаты — проблемалық кредиттерді басқару мен реттеу саласындағы тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ осы саладағы нормативтік және құрылымдық кедергілерді еңсеру үшін ынтымақтастық орнату.
Конференция шеңберінде саясат, инвестициялар және реттеушілердің өзара іс-қимылына қатысты инновациялық тәсілдер талқыланады, сондай-ақ сарапшылар Азиядағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және өсудің жаңа мүмкіндіктерін құру жолындағы көзқарастарымен бөліседі.
Конференцияның негізгі сессиялары
1-сессия: Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Сарапшылар жүйелік тәуекелдерді, қарыздың осалдығын және банк секторының тұрақтылығын арттыруға бағытталған дағдарысқа қарсы дайындық стратегияларын талдайды.
2-сессия: Обслуженбейтін кредиттер нарығының әлеуетін ашу —
Обслуженбейтін кредиттер мәселесін шешу жөніндегі инвестициялық шешімдерді, нарықтық ынталандыруларды және секьюритизация мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік секілді инновацияларды түсіну.
Арнайы презентация: «NPL Watch Asia» —
Проблемалық активтер нарықтарының болашағын айқындайтын саясат саласындағы негізгі үрдістер мен жетістіктерді зерттеу.
3-сессия: Құқықтық, салалық және технологиялық шешімдер — Заманалық құқықтық жүйелерді түсіну және жасанды интеллект көмегімен тәуекелдерді бағалау.