АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді

2024 жылғы 17 желтоқсанда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ конференц-залында ұжым отбасыларының ең кішкентай мүшелері – 6 жасқа дейінгі балаларына арнайы ұйымдастырылған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Мерекеге арналған зал нағыз қысқы ертегіге айналғандай әсер қалдырды. Түрлі-түсті жарқыраған шарлармен, гирляндалармен және сан алуан ойыншықтармен безендірілген үлкен, әдемі шырша кішкентай қонақтардың назарын бірден өзіне тартты. Зал ортасын жаңа жылдық атмосфера сыйлаған үлкен үрлемелі фигуралар толықтырды.

Ертеңгілікте балалардың ең сүйікті ертегілері мен мультфильмдеріндегі кейіпкерлер бүлдіршіндерді билетіп, тақырыпқа қатысты тақпақтар айтызып, конкурстар мен көңілді ойындар ойнатты. Өз кезегінде кішкентай балақайлар өлеңдерін айтып, барлық шығармашылық тапсырмалар мен көңілді байқауларға белсенділікпен атсалысты. Мерекенің шарықтау шегі Аяз Ата мен Ақшақардың келуіне ұласты, олар барша қонақтар мен Қор ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, Қор қызметкерлердің үлкен балаларына да қамқорлық көрсетіп, мерекелік көңіл-күйді сезіну мақсатында оларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Жаңа жылдық ертеңгіліктен кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары ұмытылмас әсер алды. Жаңа жылдық ертеңгілік бәріне мерекелік көңіл-күй сыйлаған таңғажайып күн болды. Бұдан былай қызметкерлер мен олардың отбасыларының ұйымшылдығы мен ауызбірлігін нығайтатын, сондай-ақ, әркім өзін үлкен және тату ұжымның бір бөлігі ретінде сезіне алатын ұжымда жылы және достық атмосфера құратын іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатын болады.

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты достар! Жаңа Жыл Сізге үлкен қуаныш, сәттілік және сиқырлы сәттер әкелсін!