АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ IPAF-тың 9-семинарына қатысуда

Алматы, Қазақстан

Қазіргі уақытта «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Халықаралық қоғамдық активтерді басқару форумы (IPAF) шеңберінде онлайн форматта өтіп жатқан 9-семинарға қатысуда. Іс-шара «Азиядағы қаржылық тұрақтылық пен дамудың жаңа көкжиегі» тақырыбында өтуде.

Семинар Азия елдерінің экономикаларының тұрақтылығын арттыру және дағдарысқа ден қою механизмдерін нығайту мәселелеріне арналған. Қатысушылар қаржылық тұрақтылыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылап, проблемалық активтерді басқару саласындағы тәжірибе және білім алмасуда, сондай-ақ өңірлік экономикалық сын-қатерлерді бірлесіп шешудің жолдарын қарастыруда.

IPAF-тың қауымдастырылған мүшесі ретінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Қазақстан мен өңір елдеріндегі қаржылық тұрақтылықты арттыруға бағытталған стратегияларды талқылау мен әзірлеуге белсенді қатысуда.

IPAF семинарына қатысу біз үшін активтерді басқару саласындағы жетекші сарапшылар мен ұйымдармен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Біз бұл ынтымақтастық қаржылық осалдық мәселелерін шешуге және экономиканы нығайтуға өз үлесін қосады деп үміттенеміз, — деп атап өтті «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Байғазиев Н.Д.

Семинар 2025 жылғы 14 мамырға дейін жалғасады. Ол түрлі елдерден келген қатысушыларды жинап, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында пікір алмасуға және бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріп отыр

Қосымша ақпаратты IPAF-тың ресми сайтынан алуға болады: https://ipafasia.org

Views: 34
Перейти к содержимому