"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ Наурыз мерекесімен құттықтайды
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Табиғатпен үндескен бұл ерекше мереке – жаңару мен жасампаздықтың, татулық пен берекенің символы. Көктемнің келуімен бірге әр шаңыраққа шаттық пен молшылық орнасын деп тілеймін.
Наурыз – халқымыздың терең тарихи тамырынан нәр алған, рухани дәстүріміздің айшықты көрінісі. Бұл күн – өткенге салауат айтып, келешекке сеніммен қарауға шақырады.
Осы жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен игілік тілеймін! Бірлігіміз бекем, берекеміз баянды болсын!
Ізгі тілекпен, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасы Абдуллаев К.Н.