1. Мемлекеттік сатып алу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №167 қаулысына сәйкес «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамның мемлекеттік пакет акциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне иелікке және қолдануға тапсырылды. Осыған байланысты, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ тауарды, жұмысты және қызметті сатып алуды Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік сатып алулардың бекітілген жылдық жоспары,мемлкеттік сатып алулардың енгізілген өзгерістерімен және (немесе) қосымшаларымен жылдық жоспары, сондай-ақ тауарды, жұмысты, қызметті сатып алуға қатысты хабарландыру туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында қарау үшін мүмкіндік бар:
2. Ішкі сатып алу
2020 жылдың наурыз айынан бастап Еуразиялық электронды порталда «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ ішкі сатып алулар өткізу туралы хабарландырулар орналастырылды. Әлеуетті өнім берушілер «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ ішкі сатып алу туралы хабарландыруларды «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ – 120140005984 БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) пайдалана отырып, қажетті іздеу параметрлерін қолдану арқылы Еуразиялық электронды порталдың «Лоталар» немесе «Хабарландырулар» қойындысынан таба алады.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның ішкі сатып алуларына қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер «Нұсқаулар» қосымша бетінде көрсетілген Жеткізуші нұсқаулығына сәйкес Еуразиялық электрондық порталда тіркеу рәсімін аяқтауы қажет.