АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке 1996 жылы ресми түрде бекітіліп, содан бері еліміздегі ең маңызды және жарқын мейрамдардың біріне айналды. Бірлік күні – Қазақстандағы бейбіт өмір мен келісімнің айқын көрінісі. Бүгінде елімізде 124-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан – полиэтникалық мемлекет ретінде түрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысқан жері.

Біздің басты құндылығымыз – бірлік пен өзара құрмет. Бұл құндылықтар ел дамуының берік негізі болып келеді.

Осы тұрғыда біздің ұжым Қазақстандағы этносаралық бірліктің жарқын көрінісі. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдері бірлесе еңбек етіп, кәсібилік пен жауапкершілік таныта отырып, мемлекетіміздің қаржы тұрақтылығын нығайтуға аянбай еңбек етуде.

Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жоғары біліктіліктеріңіздің арқасында Қор өз миссиясын табысты орындап келеді. Бұл – Қазақстан экономикасының дамуына қосылған шынайы үлес.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Елімізде әрдайым бірлік пен бейбіт өмір салтанат құрсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Перейти к содержимому