Сұрақ-жауап
Сұрақ 1
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Егер адам төлем жасауда қиындықтарға тап болып, екінші деңгейдегі банктердегі/микроқаржылық ұйымдардағы банктік қарыз шартының қолданыстағы талаптары оған сәйкес келмесе, сізде қарыздық міндеттемелерден құтылу немесе қарызды кейінге қалдыру мүмкіндігімен неғұрлым тиімді шарттармен өтеу жолдары бар ма? Кредиттік тарихты қалай түзетуге болады?
Реструктуризация және қайта қаржыландыру мүмкіндіктері, айыппұлдарды есептен шығару, сондай-ақ банкроттық рәсімі туралы айтып беріңізші.
Жауап:
Құрметті пайдаланушы!
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, өз құзыреті шеңберінде келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес, өтінішті қарау – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның өз құзыреті шегінде шешім қабылдауы болып табылады.
Қор банктік сектордағы кредиттік портфель сапасын жақсартуға маманданған ұйым болып табылады және банктік секторды сауықтыру аясында ғана банктер мен (немесе) бұрын банк болған заңды тұлғалардан активтерді сатып алады.
Сонымен қатар, Қор мұндай жағдайларды түсіністікпен қабылдағанымен, қолданыстағы өкілеттіктері шеңберінде жеке тұлғалардың кредиттік тарихын түзету, берешекті реттеу және жеке тұлғалардың банктерге, микроқаржылық ұйымдарға, онлайн-қарыздарға, коллекторлық агенттіктерге, жеке сот орындаушыларына, кредиттік серіктестіктерге, ломбардтарға және өзге де микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты кредиттік/микрокредиттік міндеттемелерін реттеу, сондай-ақ қарыздарды сатып алу, есептен шығару, қайта қаржыландыру және қарыз алушы-жеке тұлғаның міндеттемелерін орындауына байланысты басқа да рәсімдерді қамтамасыз ету (көмек көрсету, жәрдемдесу) мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ.
Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қор Жарғысының талаптарына сәйкес, Сіз өз өтінішіңізде көтерген мәселелер Қордың құзыретіне кірмейді.
Сұрақ 2
Сұрақ:
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ алдындағы берешек сомасын қалай білуге болады?
Жауап:
Берешек мөлшерін келесі тәсілдермен білуге болады:
- «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға өзекті берешек сомасын көрсете отырып есеп-қисапты ұсыну туралы өтінішпен Қордың ресми сайты арқылы немесе электрондық пошта арқылы (info@fpl.kz) жүгіну;
- Сіздің несие тарихыңыз бойынша ақпарат алу үшін www.mkb.kz (Мемлекеттік несие бюросы) немесе www.1cb.kz (Бірінші несие бюросы) сайттары арқылы несие есебін алу.
Сұрақ 3
Сұрақ:
Қазақстан Республикасынан шығуға тыйымды қалай алып тастауға болады?
Жауап:
Шектеу қоюға себеп болған Қор алдындағы берешекті өтеу қажет;
Шектеуді алып тастау үшін жеке сот орындаушысына жүгіну қажет.
Сұрақ 4
Сұрақ:
Мен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ алдындағы Қарызгер екенімді білдім. Берешекті өтеу және одан арғы әрекеттер бойынша кімге жүгінуге болады?
Жауап:
Сіз азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы — e-otinish арқылы өтініш жолдай аласыз, сондай-ақ өтінішті «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның электрондық поштасына (info@fpl.kz) немесе Алматы қаласындағы Қор кеңсесіне (мекенжайы: Достық даңғылы, 160) жолдауыңызға болады. Өтініш жолдаған кезде кері байланыс үшін байланыс деректерін және нақты мекенжайларды көрсетуді ұсынамыз.
Сұрақ 5
Сұрақ:
Мен жеке тұлға ретінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ алдындағы Қарызгер екенімді білдім. Сот банкроттығы рәсіміне қалай өтініш беруге болады?
Жауап:
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңы күшіне енді. Осы Заң аясында қарызгер болып табылатын жеке тұлға 6-бапта көзделген негіздер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Азамат банкрот деп танылған жағдайда, оның кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады.
Өтініш беру тәсілдері:
- сотқа өз бетінше жүгіну;
- адвокат немесе заң кеңесшісі арқылы жүгіну.
Сұрақ 6
Сұрақ:
Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы бойынша азамат банкрот деп танылғаннан кейін Қор алдындағы міндеттемелермен не болады?
Жауап:
Аталған Заңға сәйкес, азамат банкрот деп танылғаннан кейін, оның кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады
(мысалы, алименттер немесе қылмыстық айыппұлдардан басқа жағдайларды қоспағанда).