17–24 мамыр күндері Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кең ауқымды спартакиада өтті.
Спорттық додаға барлығы сегіз команда қатысты, оның ішінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ ұжымы да бар. Спартакиаданың басты мақсаты – қызметкерлер арасында дене шынықтыру мәдениетін нығайту, ұжымдық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс істейтін ең мықты спортшыларды анықтау болды.
Жарыстар келесі спорт түрлері бойынша екі кезеңде өтті:
23 мамырда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен салтанатты ашылу рәсімі спорттық ынтымақ пен отансүйгіш рухтың шынайы мерекесіне айналды.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және табандылықты көрсете отырып, спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жекелеген және командалық жарыстарда Қор қызметкерлері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Айта кетерлігі, спартакиадаға Қаржы министрлігі мен оның ведомстволары мен ұйымдарынан іріктеуден өткен 150-ден астам қызметкер қатысты.
Бұл жарыс ұйымдағы корпоративтік бірліктің, жігердің және ортақ жеңіске деген ұмтылыстың жарқын көрінісіне айналды. Спартакиада Қор командасын спорттық дәстүрлерді одан әрі дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға шабыттандырды.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерге танытқан табандылықтары мен ынта-жігері, көрсеткен өлшеусіз қолдаулары мен артқан сенімдері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!