АО "Проблемалык кредиттер коры"

Достық д. 160, Алматы қ., ҚР

Дс-Жм 09:00-18:00

Тұрақты даму

Қор ұзақ мерзімді құнды өсіруге ұмтыла отырып, экономикаға, экологияға және қоғамға өз ықпалының маңыздылығын сезінеді, мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етеді.

Қор ұзақ мерзімді кезеңде орнықты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ақсаттарының келісімділігін қамтамасыз етеді, ол жалғыз акционер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнның өсуін де қамтиды.

Қорда тұрақты даму үш құрамдас бөліктен тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік.

Қор осы үш аспект бойынша өз қызметіне және тәуекелдеріне талдау жүргізеді, сондай-ақ өз қызметі нәтижелерінің мүдделі тараптарға жағымсыз әсеріне жол бермеуге немесе оны төмендетуге ұмтылады.

Қорда тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі құрылады, оған келесі элементтер кіреді:

  1. Директорлар кеңесі, атқарушы орган және қызметкерлер
    деңгейінде орнықты даму қағидаттарын ұстану;
  2. ішкі және сыртқы ахуалды үш құраушы (экономика, экология,
    әлеуметтік мәселелер) бойынша талдау);
  3. әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы
    тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;
  4. мүдделі тараптардың картасын жасау;
  5. орнықты даму саласындағы мақсаттар мен ҚНК айқындау, ісшаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды айқындау;
  6. орнықты дамудың тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адам
    ресурстарын басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті
    және басқаларды қоса алғанда, түйінді процестерге, сондай-ақ Даму
    стратегиясына және шешімдер қабылдау процестеріне интеграциялануы;
  7. тұрақты даму саласындағы лауазымды адамдар мен
    қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  8. тұрақты даму саласындағы іс-шараларға тұрақты мониторинг
    және бағалау, мақсаттар мен ҚНК қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын
    қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу.

Орнықты даму саласындағы басқару жүйесінде орнықты даму саласындағы қағидаттарды, стандарттарды және тиісті саясаттар мен
жоспарларды іске асыру үшін әрбір органның және барлық қызметкерлердің рөлі, құзыреті, жауапкершілігі айқындалады және бекітіледі.