Туған күні: 07.09.1971 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 437 бұйрығы негізінде Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Білімі
- Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты;
- Қазақ гуманитарлық-заң университеті.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша Салық инспекциясының аға салық инспекторы болып бастады.
- 2005 — 2007 жж. — Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;
- 2007-2009 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық әкімшілендіру басқармасы бастығының орынбасары және Салық аудиті басқармасының бастығы;
- 2009 — 2011 жж. — Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;
- 2012 — 2013 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары;
- 2013 — 2017 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оңалту және банкроттық жөніндегі басқармасының, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының, Экспорттық бақылау басқармасының басшысы;
- 2017 — 2020 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляциялар департаментінің директоры;
- 2020 — 2024 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары;
- 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасының Бюджеттік кредиттеу және Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.