,

IPAF-тың 9-шы Саммиті мен Конференциясы

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Азия даму банкі (АДБ), Моңғолияның активтерді басқару корпорациясы (MAMCO), Моңғолия Банкі және Моңғолияның депозиттерге кепілдік беру компаниясы (DiCOM) ұйымдастыратын IPAF-тың 9-шы Саммиті мен Халықаралық конференциясына қатысатыны жөнінде хабарлайды. Іс-шаралар 2025 жылғы 13–15 тамыз аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтеді. IPAF — бұл проблемалық кредиттерді (NPL) басқару саласында табысты стратегиялар мен біліммен алмасуға,…

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Азия даму банкі (АДБ), Моңғолияның активтерді басқару корпорациясы (MAMCO), Моңғолия Банкі және Моңғолияның депозиттерге кепілдік беру компаниясы (DiCOM) ұйымдастыратын IPAF-тың 9-шы Саммиті мен Халықаралық конференциясына қатысатыны жөнінде хабарлайды. Іс-шаралар 2025 жылғы 13–15 тамыз аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтеді.

IPAF — бұл проблемалық кредиттерді (NPL) басқару саласында табысты стратегиялар мен біліммен алмасуға, сондай-ақ ынтымақтастық орнатуға арналған халықаралық платформа. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 2013 жылдан бастап IPAF мүшесі болып табылады.

IPAF-тың 9-шы Саммитінің тақырыбы қаржылық тұрақтылықты арттыру және проблемалық кредиттермен (NPL) байланысты мәселелерді жедел шешу стратегияларына бағытталады. Іс-шараның мақсаты — проблемалық кредиттерді басқару мен реттеу саласындағы тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ осы саладағы нормативтік және құрылымдық кедергілерді еңсеру үшін ынтымақтастық орнату.

Конференция шеңберінде саясат, инвестициялар және реттеушілердің өзара іс-қимылына қатысты инновациялық тәсілдер талқыланады, сондай-ақ сарапшылар Азиядағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және өсудің жаңа мүмкіндіктерін құру жолындағы көзқарастарымен бөліседі.

Конференцияның негізгі сессиялары

1-сессия: Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Сарапшылар жүйелік тәуекелдерді, қарыздың осалдығын және банк секторының тұрақтылығын арттыруға бағытталған дағдарысқа қарсы дайындық стратегияларын талдайды.

2-сессия: Обслуженбейтін кредиттер нарығының әлеуетін ашу —
Обслуженбейтін кредиттер мәселесін шешу жөніндегі инвестициялық шешімдерді, нарықтық ынталандыруларды және секьюритизация мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік секілді инновацияларды түсіну.

Арнайы презентация: «NPL Watch Asia» —
Проблемалық активтер нарықтарының болашағын айқындайтын саясат саласындағы негізгі үрдістер мен жетістіктерді зерттеу.

3-сессия: Құқықтық, салалық және технологиялық шешімдер — Заманалық құқықтық жүйелерді түсіну және жасанды интеллект көмегімен тәуекелдерді бағалау.