Спартакиада – 2025: бірлік, рух және жеңіске деген ұмтылыс
17–24 мамыр күндері Астанада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кең ауқымды спартакиада өтті.
Спорттық шараға «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ өкілдерін қоса алғанда, сегіз команда қатысты. Спартакиаданың басты мақсаты – дене шынықтыруды дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және Министрлік жүйесінің қызметкерлері арасында үздік спортшыларды анықтау.
Жарыс екі кезеңде спорттың келесі түрлері бойынша ұйымдастырылды:
- шағын футбол
- волейбол
- үстел теннисі
- арқан тарту
- 100 метрге жүгіру (ерлер мен әйелдер)
- жүзу: 100 метр (ерлер) және 50 метр (әйелдер)
- 4×200 метрлік эстафеталық жүгіру
- шахмат
- шашка
- тоғызқұмалақ
- екі гирді серпи көтеру (16 кг)
- киберспорт (Counter-Strike, Dota 2)
23 мамырда Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен салтанатты ашылу рәсімі спорттық ынтымақ пен отансүйгіш рухтың шынайы мерекесіне айналды.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және табандылықты көрсете отырып, спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жекелеген және командалық жарыстарда Қор қызметкерлері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- Арқан тарту спортынан – 1-орын
- Мини-футбол жарысында – 1-орын
- Болатбекұлы Абылай – «Ең үздік сұрмерген» атағын иеленді
- Исрапилов Рамиль – мини-футбол турнирінің «Ең үздік ойыншысы» атанды
- Жүзуден (100 м) Исабеков Меирлан – 1-орын
- Үстел теннисі, эстафеталық жүгіру, 100 м жүгіру және волейбол жарыстарында – 3-орын
Айта кетерлігі, спартакиадаға Қаржы министрлігі мен оның ведомстволары мен ұйымдарынан іріктеуден өткен 150-ден астам қызметкер қатысты.
Бұл жарыс ұйымдағы корпоративтік бірліктің, жігердің және ортақ жеңіске деген ұмтылыстың жарқын көрінісіне айналды. Спартакиада Қор командасын спорттық дәстүрлерді одан әрі дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға шабыттандырды.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерге танытқан табандылықтары мен ынта-жігері, көрсеткен өлшеусіз қолдаулары мен артқан сенімдері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!





