Проблемалық активтермен жұмыс істеу саласындағы озық тәжірибелерді зерделеу және енгізу мақсатында Қор халықаралық қаржы ұйымдарымен – ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, Оңтүстік Корея, Ирландия, Испания, Украина және т.б. стресс активтерін басқару жөніндегі компаниялармен, сондай-ақ АҚШ Қазынашылық Департаментімен тығыз ынтымақтастық орнатты.
Проблемалық кредиттер қоры өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін техникалық және консультациялық көмек көрсету үшін аталған ұйымдарды тұрақты негізде тартады.
Қор жинаған тәжірибені, сондай-ақ біздің шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін ескере отырып, осы бөлімде проблемалық активтерді сатып алудың, басқарудың және өткізудің әлемдік тәжірибесі туралы талдамалық материалдар, Қазақстан Республикасының банк секторының жай-күйіне шолулар және басқа да материалдар ұсынылатын болады.